Досрочное голосование на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
2024 жылдың 15-17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. ОСК мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде төрт үміткерді тіркеді. Дауыс беру учаскелері Ресейдің дипломатиялық және консулдық өкілдігі бар барлық елде ашылды. Қазақстандағы ресейліктерге де дауыс беру үшін мүмкіндік жасалды.

ОСК Путинді президенттікке кандидат ретінде тіркеді

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин провел заседание Госсовета
Президент РФ В. Путин провел заседание Госсовета - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта Ресей президенті лауазымына 11 адам таласуда, деп хабарлады РФ орталық сайлау комиссиясы.
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Ресейдің орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді 2024 жылдың наурыз айында өтетін сайлауға кандидат ретінде тіркеді..

"2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 11:23-те Ресей Федерациясының президенттігіне кандидат ретінде 1952 жылы туған Владимир Путин тіркелсін", - делінген орталық сайлау комиссиясының дүйсенбі күні өткен отырысында қабылданған қаулыда.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Путиннің атынан оны қолдайтын 315 мың қол жиналған.
"Жұмыс тобын тексеру нәтижелері бойынша жиналған қолдың 0,15%-і жарамсыз екені анықталды, бұл кандидатты тіркеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті комиссия.
Еске сала кетейік, федерация кеңесінің шешіміне сәйкес Ресейде президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызында өтеді.
Бұл ретте ресейліктер 15, 16 және 17 наурызда дауыс бере алады.
Әзірге президенттікке 11 адам таласуда. Тіркелген кандидаттар арасында парламенттік партиялардың өкілдері Леонид Слуцкий, Николай Харитонов және Владислав Даванков бар. Оларды қолдау үшін қол жинау талап етілмейді.
Өзін-өзі ұсынушылар – Владимир Путин, Рада Русских, Анатолий Баташев кем дегенде 300 мың қол жинауы керек. ОСК барлық кандидатты тіркеу туралы шешімді 10 ақпаннан кешіктірмей қабылдауы тиіс.
Прямая линия и большая пресс-конференция президента РФ В. Путина - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Путин президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
Жаңалықтар
0