Балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 8 мың ата-ана есепте тұр – ІІМ

© Sputnik / Санат ИмангалиевС начала года обязательную дактилоскопию прошли 8 тысяч иностранцев
С начала года обязательную дактилоскопию прошли 8 тысяч иностранцев - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Сот шешімі бойынша ішімдікке салынған 206 адам наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызылды
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамаған 8 мың ата-ана есепке алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның ішінде мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. 201 факті бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыруға материалдар жіберілді.
Мысалы, Петропавлда жас ана емханаға шақырылған уақытта баласын алып келмей жүргені туралы дәрігерден хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде ананың ішімдік ішкені, нәрестенің шұғыл көмекке мұқтаж екені белгілі болды. Полиция баланы нәрестелер үйіне орналастырып, ал анасын нарколог дәрігердің есебіне қойды және әкімшілік жауапқа тартты.
Сот шешімі бойынша ішімдікке салынған 206 адам наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызылды.
Жаңалықтар
0