Атырауда көлік Жайыққа түсіп кетті: жүргізуші мерт болды

© Public Domain RyanKingArtСледы автомобильных шин на льду
Следы автомобильных шин на льду - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Ал 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне түсіп кетті. Көлік жүргізушісі сол жерде қайтыс болды.
Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 28 қаңтарда болған.

"Атырау қаласының маңындағы Көкарна ауылының тұсында Жайық өзенінің мұзы ойылып, жеңіл көлік түсіп кетті. Көліктегі жолаушыларды құтқару үшін жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында 1992 жылғы жүргізуші көз жұмды. Ал 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді", -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жергілікті әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына мұздан өту кезінде қауіпсіздікке мән беру қажеттігін құлаққағыс етті.
"Мұз үстімен жүргенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Өзен жағасында қойылған арнайы белгіні назарға алған жөн. Су айдынының рұқсат етілмеген тұсынан өтпеу қажеттігін ескеру керек", - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Елорда тынысы
Құтқарушылар астаналықтарға мұз үстіне шықпауға кеңес берді
Жаңалықтар
0