Елорда тынысы

Астана әкімі құрылысы ұзаққа созылған мектептің қашан пайдалануға берілетінін айтты

© Photo : Пресс-служба акимата АстаныНовая школа в Астане
Новая школа в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мың орындық (2 ауысымдық) жаңа форматтағы 24 мектеп салынады
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik.Елордадағы "Кирпичный" тұрғын алабындағы жалғыз мектеп құрылысының аяқталды. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
"Бұл тұрғын алапта 1966 жылы салынған жалғыз мектеп (Қамысты көшесі, 7, Байқоңыр ауданы) болды. Оқу орны апатты деп танылғандықтан, оны 2021 жылы демонтаждау жұмыстары басталды. Жаңа мектеп құрылысының қарқыны баяу болды, тіпті бір кездері тоқтап қалды. Осы жылдар ішінде оқушылар басқа мектепке баруға мәжбүр боп жүр. "Кирпичный" тұрғын алабында салынып жатқан мектеп құрылысы қайта басталды", - деді Қасымбек.
Әкімнің айтуынша, барлық мәселе шешілді. Осы мектептің құрылысы биыл көктемде аяқталады деп жоспарланып отыр. Осылайша, "Кирпичный" тұрғын алабының өзінің жайлы мектебі болады.
"Биылғы оқу жылында біз 11 мектеп салып, пайдалануға бердік. Оқу жылының соңына дейін тағы 4 мектепті ашамыз. Олар Қарасай батыр және Бұланты көшелері, Қамысты көшесі, 7, Қабанбай батыр даңғылы, 9/1, Таха Хусейн көшесі 5/1 бойында орналасады", - деп жазды елорда әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар қалада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мың орындық (2 ауысымдық) жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Нұра мен Есіл аудандарында орналасады.
Шаһар басшысы атап өткендей, 2027-2028 жылдарға дейін 200 мың орынға шаөталған (2 ауысымдық) 80-нен аса мектеп салынады.
Жаңалықтар
0