Алматыда 200-ден астам учаске мектеп, емхана құрылысы үшін сатып алынды

© Пресс-служба президента Казахстана/скрин видеоВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың га
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Алматыда 200-ден астам учаске мектептер, емханалар мен саябақтар үшін сатып алынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Былтыр Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін 222 учаске сатып алды:
Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық;
Бостандық ауданында жайлы мектеп салу, Қуаныш шағын ауданындағы №18 емхана;
Абай-Тұрғыт Өзал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру;
Бостандық ауданындағы "Молодежный" саябағын салу;
Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша;
Әлмерек шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша жобалары бойынша сатып алу аяқталды
2023 жылы қалада жер комиссиясының төрт отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралды, Алматы қаласы әкімдігінің 1478 жеке тұлғаға және 2448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың га.
Жаңалықтар
0