https://sputnik.kz/20240128/oskemen-temirzhol-vokzalynyn-tagdyry-qashan-sheshiledi---akim-zhauap-berdi-41883332.html
Өскемен теміржол вокзалының тағдыры қашан шешіледі - әкім жауап берді
Өскемен теміржол вокзалының тағдыры қашан шешіледі - әкім жауап берді
Sputnik Қазақстан
Әкімнің айтуынша, ғимарат жеке меншікте болғандықтан күрделі жөндеуге бюджет қаражаты берілмейді 28.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-28T19:06+0500
2024-01-28T19:06+0500
2024-01-28T19:06+0500
өскемен
вокзал
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17823349_0:23:3000:1711_1920x0_80_0_0_5327b129880807cefb446a4c1839287d.jpg
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Өскемендегі темір жол вокзалының тарихи ғимаратының сапасы сын көтермейді. Қала әкімі Жақсылық Омар оны коммуналдық меншікке қайтаруды талап ететінін айтты.Тарихи нысаны 2000 жылдардың басында жекеге берілген.20 жыл ішінде вокзал ғимаратының иесі бірнеше рет ауысқан, бірақ жөнделмеген. Вокзал жергілікті халықтың үнемі наразылығын тудырады. Қала әкімі сенбі күні Өскемен вокзалы ғимаратығың иесімен жеке кездесіп, оның жоспарларын білмек болған алайда кәсіпкер кездесуге келмей қойған.Әкімнің айтуынша, ғимарат жеке меншікте болғандықтан күрделі жөндеуге бюджет қаражаты берілмейді.Вокзал иесіне 15 ақпанға дейін мерзім беріледі. Осы уақытқа дейін ол өз мүлкін жөндеу жоспарын құруы керек. Сонымен қатар, қала басшысы кәсіпкердің қаржылық жағдайын тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, нысанда санитарлық-эпидемиологиялық және сәулет ескерткіштерін күтіп ұстау бойынша барлық талаптардың сақталуына бірден бірнеше тексеру басталады."Өскеменде жекеменшік кәсіпкердің бірі өз меншігіндегі Металлургтер мәдениеті сарайын сауна, бар, көңілді демалуға арналған орындарға айналдырған жағдай болды. Біз бір жыл соттасып, ақыры ғимаратты мемлекеттік меншікке алдық. Қазір біз Өскемен вокзалының ғимаратымен де жұмыс істей бастаймыз. Өз тарапымыздан барлық көлік инфрақұрылымын ретке келтіреміз. ҚТЖ-дан да көмек сұраймыз. Биыл вокзал Өскеменнің мақтанышына айналуы тиіс", - дейді Жақсылық Омар.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17823349_185:0:2849:1998_1920x0_80_0_0_1797644fa9414ae11ec60763374cd419.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, вокзал
Өскемен теміржол вокзалының тағдыры қашан шешіледі - әкім жауап берді
Әкімнің айтуынша, ғимарат жеке меншікте болғандықтан күрделі жөндеуге бюджет қаражаты берілмейді
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Өскемендегі темір жол вокзалының тарихи ғимаратының сапасы сын көтермейді. Қала әкімі Жақсылық Омар оны коммуналдық меншікке қайтаруды талап ететінін айтты.
Тарихи нысаны 2000 жылдардың басында жекеге берілген.
20 жыл ішінде вокзал ғимаратының иесі бірнеше рет ауысқан, бірақ жөнделмеген. Вокзал жергілікті халықтың үнемі наразылығын тудырады. Қала әкімі сенбі күні Өскемен вокзалы ғимаратығың иесімен жеке кездесіп, оның жоспарларын білмек болған алайда кәсіпкер кездесуге келмей қойған.
"Бұл кәсіпкер Михаил Чулаков бізбен бірнеше рет байланысқа шықпады, біз оны кеңестерге шақырдық, енді мен өзім келдім, өйткені біз қаламыздың сәулет ескерткішінің қазіргі қалыптан тыс жағдайына енді шыдамаймыз", – деді облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар.
Әкімнің айтуынша, ғимарат жеке меншікте болғандықтан күрделі жөндеуге бюджет қаражаты берілмейді.
Вокзал иесіне 15 ақпанға дейін мерзім беріледі. Осы уақытқа дейін ол өз мүлкін жөндеу жоспарын құруы керек. Сонымен қатар, қала басшысы кәсіпкердің қаржылық жағдайын тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, нысанда санитарлық-эпидемиологиялық және сәулет ескерткіштерін күтіп ұстау бойынша барлық талаптардың сақталуына бірден бірнеше тексеру басталады.
"Өскеменде жекеменшік кәсіпкердің бірі өз меншігіндегі Металлургтер мәдениеті сарайын сауна, бар, көңілді демалуға арналған орындарға айналдырған жағдай болды. Біз бір жыл соттасып, ақыры ғимаратты мемлекеттік меншікке алдық. Қазір біз Өскемен вокзалының ғимаратымен де жұмыс істей бастаймыз. Өз тарапымыздан барлық көлік инфрақұрылымын ретке келтіреміз. ҚТЖ-дан да көмек сұраймыз. Биыл вокзал Өскеменнің мақтанышына айналуы тиіс", - дейді Жақсылық Омар.