Мектепте бомба бар деп алдаған балалардың ата-анасы айыппұл төледі

© Photo : pixabay.comТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2024
Жазылу
Арнайы қызметтерді себепсіз шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-анасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды
АЛМАТЫ, 28 қаңтар — Sputnik. Абай облысында жалған хабар таратқан жасөспірімдердң ата-аналары айыппұл арқалады.
Оқиға 17 қаңтарда Абай облысында болған.
Полиция террористер туралы хабарламаға байланысты білім мекемесін қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады.
Кейінірек мектептегі террористік акт жайында 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірімнің хабарлағаны белгілі болды. Олар жедел желіге қоңырау шалған.
Сәтсіз әзіл жазаға әкелді. Арнайы қызметтерді себепсіз шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-анасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
0