Astana Indoor Meet халықаралық турнирі басталды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Турнир по легкой атлетике Astana Indoor Meet за призы Амина Туякова
Турнир по легкой атлетике Astana Indoor Meet за призы Амина Туякова - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2024
Жазылу
Еліміздің намысын 28 спортшы қорғайтын болады
АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Астанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық турнирі басталды.
Сайыстың ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Шараға сондай-ақ жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
Айта кетейік, жарысқа 45 елден 136 атлет қатысуда. Еліміздің намысын 28 спортшы қорғайтын болады. Дода әлемнің 80 еліне тікелей эфирде көрсетілуде.
Astana Indoor Meet – Азияда алғаш рет өтіп жатқан World Indoor Tour "алтын" сериясының турнирі. Жыл сайын сайыс әлем бойынша Бостон, Нью-Йорк, Мадрид, Ливен, Торун және Острава сияқты 7 қалада ғана өтетін.
Жаңалықтар
0