Қоғам

Қазақстан аумағында 1900-ден астам жерасты дүмпуі тіркелді – ТЖМ

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2024
Жазылу
Сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Биыл 23 қаңтардан бері Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісі тіркелді, оның 11-і сезілген, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы осы жылдың 23 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді, оның 11-і сезілді. Сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты. Оның сейсмикалық толқындары жақын маңдағы елдердің, соның ішінде Қазақстанның аумағына тарады", - делінген хабарламада.
Әдетте мұндай қарқындағы жер сілкіністерінен кейін көптеген афтершок болады, олар әлі де байқалып отыр. Бұл процестің қанша уақытқа созылатыны көптеген факторға, соның ішінде жер сілкінісінің эпиорталығы орналасқан аймақтың сейсмикасына және жер жағдайына байланысты, деп атап өтті ТЖМ.
"Бірте-бірте сейсмикалық белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады", - деп сендірді министрліктегілер.
ТЖМ дағдарыс жағдайлардағы басқару орталығының базасында республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, көлік және өндірістік нысандар штаттық режимде жұмыс істейді.
Ведомство жағдай тұрақты екенін мәлімдеп, азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес берді. Сондай-ақ жер сілкінгенде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:
Егер сіз ғимараттың жоғарғы қабатында тұрсаңыз, онда дүмпу тоқтағанша ешқайда шықпаңыз, алдыңғы есікті ашып, бөлмедегі ең қауіпсіз орынға барып тұрыңыз: тірек арқалықтың асты, есік немесе негізгі қабырғалардың бұрышы, тірек бағанасы. Терезелерден, ауыр заттардан және жиһаздан алыс тұрыңыз. Үстелдің астына тығылуға немесе ванна бөлмесін паналауға болады.
Жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдақты пайдалануға болмайды. Дүмпу тоқтағанша күтіңіз, содан кейін ғана сыртқа шығыңыз.
Ал көшеде ғимараттардан, электр желілерінен, маңдайшалардан, қоршаулардан алыс ашық алаңда тұру керек.
Дәрі-дәрмек, қажетті заттар, тамақ, құжаттар, фонарь, жылы заттар кіретін дабыл шабаданын алдын ала дайындап қойған жөн.
Гамма-нож - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Алматыдағы жер сілкінісі: 67 адам ауруханаға жүгінді
Жаңалықтар
0