Жетісуда 30 жер телімі мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевНа озере Талдыколь
На озере Талдыколь - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Жазылу
Олардың жалпы құны 95 млн теңгеден асады
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысында кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Ақсу ауданында игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 7 мың гектар жер учаскесі анықталды. Барлығы "Күреңбел" ЖШС-ға тиесілі болып шықты.
"Сонымен қатар Қаратал және Көксу өзендері арналарының карьерлерінің су қорғау аймағында жер қойнауын пайдаланушыларға заңсыз берілген 75 гектар жер анықталды. Жер қойнауын пайдаланушылар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заңмен тікелей тыйым салынған", - дейді прокурорлар.
Қадағалау актісі бойынша сот қаулысымен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта су қорының жерлерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары қолға алынды.
Жаңалықтар
0