Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке 400 млн теңге қарыз – тексеріс нәтижесі жарияланды

© Sputnik / Василий Батанов / Медиабанкке өтуДобыча ископаемых, архивное фото
Добыча ископаемых, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Жазылу
7 жер қойнауын пайдаланушының лицензиясы кері қайтарылды
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушыларының заңнаманы қаншалықты сақтап жүргенін тексерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қадағалаушы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеріс кезінде жекелеген жер қойнауын пайдаланушылар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар жасау, қазақстандық қызметкерлерді оқыту, тарату қорын толықтыру және тағы басқа міндеттемелерді орындамай жатқаны анықталды. Берешектің жалпы сомасы 400 млн теңгеден асты.
"Мысалы, жер қойнауын пайдаланушы "Д.А.Б." жүйелі түрде 4 жыл бойы (2019-2022 жылдар аралығында) Маңғыстау облысының әлеуметтік–экономикалық дамуына жалпы сомасы 9 млн теңгеге аударым жүргізбеген. Осыған ұқсас фактілер іс жүзінде барлық жер қойнауын пайдаланушыларда анықталды", - дейді прокурорлар.
Қазіргі кезде қабылданған прокурорлық қадағалау шаралары арқылымемлекет кірісіне 50 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, 7 жер қойнауын пайдаланушының лицензиясы кері қайтарылды. Берешекті өндіріп алу шаралары жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0