Рекорд: Қазақстанда мұнай өнімдерінің үлесі былтыр 72,2% болды

© AP Photo / Tony GutierrezДобыча нефти
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Жазылу
"Қазмұнайгазда" өткен жылдың қорытындысын шығарып, павлодар мұнай-химия зауытында жаңа пеш іске қосылды
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Қазақстанның мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өнімдерінің үлесі рекордтық 72,2%-ке жетті, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі.
Отандық зауыттарда мұнай өңдеу тереңдігі 85,5%-ке дейін өсті, деп толықтырды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
"2022 жылмен салыстырғанда АИ-92 бензинінің өндірісі 5%-ке, АИ 95/98 — 17%-ке, сұйытылған мұнай газының өндірісі 8%-ке ұлғайды", - дейді компания.
Өткен жылы зауыттар әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін шығару көрсеткіштерін асыра орындады.
"ҚазМұнайГаздың" ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағар маймен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелері толық көлемде орындады", - деп атап өтті ҚМГ басшысы.
Бүгін Павлодар мұнай-химия зауытында жаңа битум пештері өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
"ҚазМұнайГаз" басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, жаңа пешті іске қосу енді Павлодар мұнай-химия зауытында битум шығару қуатын 15%ке, айына 45 мыңнан 52 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Выносное причальное устройство (ВПУ) Каспийского трубопроводного консорциума - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Каспий құбыр консорциумы Қара теңізден рекордты көлемде мұнай жөнелтті
Жаңалықтар
0