https://sputnik.kz/20240126/qazaq-tili-oksford-universitetinde-oqytylady-41844637.html
Қазақ тілі Оксфорд университетінде оқытылады
Қазақ тілі Оксфорд университетінде оқытылады
Sputnik Қазақстан
Университетте Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымы да таныстырылды 26.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-26T09:54+0500
2024-01-26T09:54+0500
2024-01-26T09:54+0500
қазақ тілі
https://sputnik.kz/img/979/14/9791431_39:0:1963:1082_1920x0_80_0_0_9aa957e3183460798d2da17cae083f20.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.Министрлік Оксфорд университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеді. Соның аясында Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту жоспарланып отыр.Қазақстандық делегация Бодлиан кітапханасында Қазақстанға қатысты көне қолжазбаларымен де танысты.Сапар кезінде Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымы да таныстырылды. Оған 60 мыңнан астам сөз енді."Сонымен қатар осы сапар аясында мен жас өнертапқыш Санжар Тайжанмен кездестім. Санжарды мен ертеректен жақсы білемін. Естеріңізде болса, Tesla ұйымдастырған Not-A-Boring Competition турниріне қатысқан қазақ жігіті Санжар Тайжан мен оның командасы ұсынған бұрғы машинасы Илон Масктың назарына іліккен болатын", - деп атап көрсетті Нұрбек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/979/14/9791431_279:0:1722:1082_1920x0_80_0_0_cda0fe8ee044e607616c4b369cb08241.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ тілі
Қазақ тілі Оксфорд университетінде оқытылады
Университетте Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымы да таныстырылды
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік Оксфорд университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеді. Соның аясында Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту жоспарланып отыр.
Қазақстандық делегация Бодлиан кітапханасында Қазақстанға қатысты көне қолжазбаларымен де танысты.
"Бодлиан кітапханасы - өте ірі, рухани ордалардың бірегейі. Бұл кітапханада Түркі философы Шейх Ахмед Таразидың “Кемелдік ғылымы” қолжазбасының жалғыз данасы сақталғанын айтып өткім келеді. Сонымен қатар университетке экскурсия жасап, тарихымен етене танысып шығудың сәті түсті", - дейді министр Саясат Нұрбек.
Сапар кезінде Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымы да таныстырылды. Оған 60 мыңнан астам сөз енді.
"Сонымен қатар осы сапар аясында мен жас өнертапқыш Санжар Тайжанмен кездестім. Санжарды мен ертеректен жақсы білемін. Естеріңізде болса, Tesla ұйымдастырған Not-A-Boring Competition турниріне қатысқан қазақ жігіті Санжар Тайжан мен оның командасы ұсынған бұрғы машинасы Илон Масктың назарына іліккен болатын", - деп атап көрсетті Нұрбек.