https://sputnik.kz/20240126/eurokomissiya-basshysy-ukrainaga-qatysty-zhana-malimdemesi-ushin-qatan-synga-ushyrady-41845048.html
Еурокомиссия басшысы Украинаға қатысты жаңа мәлімдемесі үшін қатаң сынға ұшырады
Еурокомиссия басшысы Украинаға қатысты жаңа мәлімдемесі үшін қатаң сынға ұшырады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. X әлеуметтік желісінің қолданушылары Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенді еуропалық ауыл шаруашылығын дамыту туралы сөзінен... 26.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-26T10:39+0500
2024-01-26T10:39+0500
2024-01-26T10:39+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
еуропалық одақ
ресей
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1e/15094815_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_4d37bad63461918f60f596b08c948ac9.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. X әлеуметтік желісінің қолданушылары Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенді еуропалық ауыл шаруашылығын дамыту туралы сөзінен кейін Украинаны қолдады деп айыптады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады."Фермерлерге ақша жоқ деп, бірақ Украинаға ақша жөнелтіп жатсыңда, сатқындар", "Сіз еуропалық емес, Украинаның арзан өнімдеріне басымдық беріп, фермерлер осыған наразылық білдіріп жатыр", "Бүкіл Еуропада фермерлер мен ашулы азаматтар сенің және жаһаншыл достарыңның сатқындықтарына наразылық білдіруде", "Абайлаңыз, қымбатты Урсула. Фермерлер қатты ашулы", "Сіздің саясатыңыздың салдарынан бүкіл Еуроодақ бойынша фермерлер наразылық білдіріп жатыр" деп жазды түрлі желі қолданушылары.Соңғы апталарда Франция, Германия, Польша және басқа да еуропалық елдердің фермерлері Еуроодақ тарапынан шектеулердің күшеюіне байланысты наразылық акцияларын өткізіп жатыр.Еске салсақ, күні кеше Франциядағы 200-ге жуық фермер Брюссель орталығындағы Еуропарламент ғимаратының жанында жалпыеуропалық саясатқа байланысты наразылық акциясын ұйымдастырды. Фермерлердің пікірінше, бұл саясат шағын фермалардың жұмысын тиімсіз етеді."Еуроодақ регламентіне байланысты үнемі өсіп жатқан шектеулер мен кірістердің тұрақты төмендеуіне байланысты фермерлер тығырыққа тап болды", - делінген акцияны ұйымдастырған Ауылдық үйлестіру орталығының мәлімдемесінде.Фермерлер Еуроодақпен еркін сауда келісімдері бар елдерден келетін арзан шетелдік импортпен бәсекелесу үшін күресіп жатқанын айтады.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1e/15094815_188:0:2919:2048_1920x0_80_0_0_aa8b0e25449c59958c4ca2b043083dc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропалық одақ, ресей
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. X әлеуметтік желісінің қолданушылары Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенді еуропалық ауыл шаруашылығын дамыту туралы сөзінен кейін Украинаны қолдады деп айыптады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Фермерлерге ақша жоқ деп, бірақ Украинаға ақша жөнелтіп жатсыңда, сатқындар", "Сіз еуропалық емес, Украинаның арзан өнімдеріне басымдық беріп, фермерлер осыған наразылық білдіріп жатыр", "Бүкіл Еуропада фермерлер мен ашулы азаматтар сенің және жаһаншыл достарыңның сатқындықтарына наразылық білдіруде", "Абайлаңыз, қымбатты Урсула. Фермерлер қатты ашулы", "Сіздің саясатыңыздың салдарынан бүкіл Еуроодақ бойынша фермерлер наразылық білдіріп жатыр" деп жазды түрлі желі қолданушылары.
Соңғы апталарда Франция, Германия, Польша және басқа да еуропалық елдердің фермерлері Еуроодақ тарапынан шектеулердің күшеюіне байланысты наразылық акцияларын өткізіп жатыр.
Еске салсақ, күні кеше Франциядағы 200-ге жуық фермер Брюссель орталығындағы Еуропарламент ғимаратының жанында жалпыеуропалық саясатқа байланысты наразылық акциясын ұйымдастырды. Фермерлердің пікірінше, бұл саясат шағын фермалардың жұмысын тиімсіз етеді.
"Еуроодақ регламентіне байланысты үнемі өсіп жатқан шектеулер мен кірістердің тұрақты төмендеуіне байланысты фермерлер тығырыққа тап болды", - делінген акцияны ұйымдастырған Ауылдық үйлестіру орталығының мәлімдемесінде.
Фермерлер Еуроодақпен еркін сауда келісімдері бар елдерден келетін арзан шетелдік импортпен бәсекелесу үшін күресіп жатқанын айтады.