https://sputnik.kz/20240126/byltyr-temirzholshylardyn-zhalaqysy-20-payyzga-koterildi-41843705.html
Былтыр теміржолшылардың жалақысы 20 пайызға көтерілді
Былтыр теміржолшылардың жалақысы 20 пайызға көтерілді
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда компанияның қызметкерлерінің орташа жалақысы республикалық деңгейден 26%-ға асып түсті 26.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-26T08:28+0500
2024-01-26T08:28+0500
2024-01-26T08:28+0500
теміржол
қтж
https://sputnik.kz/img/950/26/9502677_0:41:1010:609_1920x0_80_0_0_2b89bb2594a33e51e803322ec2811095.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Өткен жылы Қазақстан темір жолықызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтерілді. Бүгінгі таңда компанияның қызметкерлерінің орташа жалақысы республикалық деңгейден 26%-ға асып түсті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.Қазақстанның барлық өңірлерінде филиалдық желісі бар компанияда 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді.2023 жылы қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. 228 ғимарат, 467 үй-жай және локомотив бригадаларының 37 демалыс үйі жөнделді. Желілік қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін 384 көлік сатып алынды.Сондай-ақ шалғайдағы станцияларға шығатын теміржолшылардың толыққанды демалуына барлық қажетті жабдықтары (душ кабиналары, тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ және т.б.) бар 132 модульдік ғимарат орнатылды. Ғимараттарға барлық қажетті инженерлік коммуникациялар қосылған. 2024 жылы 120-дан астам модульдік ғимарат орнату жоспарланып отыр.Сондай-ақ, 2024 жылдың негізгі міндеттерінің бірі – тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті дамыту, цифрландыру бағдарламаларын іске асыру, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту.2023 жылдың қорытындысы бойынша компанияда өндірістік және қаржылық көрсеткіштер өсімінің оң қарқыны байқалды. Жүк айналымы 270 млрд тоннағажетіп, өткен жылға қарағанда 7%-ға өсті.Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 22% өсіп, 28 млн тоннаға жетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/950/26/9502677_57:0:954:673_1920x0_80_0_0_d21d228d7557d7aa04979c876463d4cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, қтж
Былтыр теміржолшылардың жалақысы 20 пайызға көтерілді
Бүгінгі таңда компанияның қызметкерлерінің орташа жалақысы республикалық деңгейден 26%-ға асып түсті
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Өткен жылы Қазақстан темір жолықызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтерілді. Бүгінгі таңда компанияның қызметкерлерінің орташа жалақысы республикалық деңгейден 26%-ға асып түсті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қазақстанның барлық өңірлерінде филиалдық желісі бар компанияда 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
2023 жылы қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. 228 ғимарат, 467 үй-жай және локомотив бригадаларының 37 демалыс үйі жөнделді. Желілік қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін 384 көлік сатып алынды.
Сондай-ақ шалғайдағы станцияларға шығатын теміржолшылардың толыққанды демалуына барлық қажетті жабдықтары (душ кабиналары, тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ және т.б.) бар 132 модульдік ғимарат орнатылды. Ғимараттарға барлық қажетті инженерлік коммуникациялар қосылған. 2024 жылы 120-дан астам модульдік ғимарат орнату жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2024 жылдың негізгі міндеттерінің бірі – тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті дамыту, цифрландыру бағдарламаларын іске асыру, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту.
2023 жылдың қорытындысы бойынша компанияда өндірістік және қаржылық көрсеткіштер өсімінің оң қарқыны байқалды. Жүк айналымы 270 млрд тоннағажетіп, өткен жылға қарағанда 7%-ға өсті.
Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 22% өсіп, 28 млн тоннаға жетті.