Ауа райына байланысты ресубликалық екі жол жабылды

© Sputnik / Меркурий Голоднов / Медиабанкке өтуАрхивное фото трассы зимой
Архивное фото трассы зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Жазылу
Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 799 бірлік техника және 1307 жолшы жұмылдырылды
АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты екі бірдей республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды Қазавтожол.
"Сағат 17.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - деп хабарлады Қазавтожол.
Жетісу облысында 1 учаске жабық. Ол "Үшарал-Достық" аралығындағы 84-184 км және Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі 100 км жолда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
"Қарағанды облысында 2 учаске жабық. "Екатеринбург-Алматы" республикалық маңызы бар жолдың 1446-1459 км мен Теміртау қаласынан Қарағанды қаласына дейінгі 13 км-де көліктің барлық түріне шектеу қойылды", - деп жазды ведомство.
Сондай-ақ "Екатеринбург-Алматы" бағытында 1426-1446 км, Теміртау ААП және Теміртау қаласы аралығындағы 20 км-нде ауа райына байланысты жол жүруге болмайды.
Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 799 бірлік техника және 1307 жолшы жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0