https://sputnik.kz/20240126/220-trln-tengelik-bank-operatsiyasy-tekserilip-zhatyr--zansyz-aktivterdi-qaytaru-komissiyasy-41844913.html
220 трлн теңгелік банк операциясы тексеріліп жатыр – заңсыз активтерді қайтару комиссиясы
220 трлн теңгелік банк операциясы тексеріліп жатыр – заңсыз активтерді қайтару комиссиясы
Sputnik Қазақстан
220 трлн теңгенің банк операциясы тексеріліп жатыр – заңсыз активтерді қайтару комиссиясы 26.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-26T10:17+0500
2024-01-26T10:17+0500
2024-01-26T10:17+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/1b/41237914_0:79:1501:923_1920x0_80_0_0_1ae1d643ae82da7f859260d0827ce629.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайылов заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Отырыста тексеріске іліккен жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселелері талқыланды. Ал бұған дейін реестрге енгізілген кейбір адамдармен процессуалдық келісім жасау жоспарланып отыр. Себебі олар кінәсін мойындап, заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтаруға келісті.Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылды.Бүгінде 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі, соның ішінде шетелде 131 нысан анықталды. Жалпы құны 448 млрд теңгенің құнды қағаздары бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары, соның ішінде 1,4 трлн теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексеріліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/1b/41237914_82:0:1417:1001_1920x0_80_0_0_1384959eb1953c1b4e5dbee41945b66b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
220 трлн теңгелік банк операциясы тексеріліп жатыр – заңсыз активтерді қайтару комиссиясы
220 трлн теңгенің банк операциясы тексеріліп жатыр – заңсыз активтерді қайтару комиссиясы
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайылов заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Отырыста тексеріске іліккен жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселелері талқыланды. Ал бұған дейін реестрге енгізілген кейбір адамдармен процессуалдық келісім жасау жоспарланып отыр. Себебі олар кінәсін мойындап, заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтаруға келісті.
"Бұдан бөлек, реестрдегі жекелеген субъектілердің және оларға үлестес тұлғалардың шығу тегі түсініксіз мүлкін мемлекет кірісіне аударуды мәжбүрлеу туралы талаптар қойылады", - делінген ресми хабарламада.
Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылды.
Бүгінде 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі, соның ішінде шетелде 131 нысан анықталды. Жалпы құны 448 млрд теңгенің құнды қағаздары бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары, соның ішінде 1,4 трлн теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексеріліп жатыр.