https://sputnik.kz/20240125/resey-arnayy-askeri-operatsiya-maqsattarynan-bas-tartpaydy--rf-syrtqy-barlau-qyzmeti-41814962.html
Ресей арнайы әскери операция мақсаттарынан бас тартпайды – РФ сыртқы барлау қызметі
Ресей арнайы әскери операция мақсаттарынан бас тартпайды – РФ сыртқы барлау қызметі
Sputnik Қазақстан
Батыстағылар Ресейге ықпал ету үмітімен өздерінің жоғары әскери қабілетін, мобилизациялауға дайындығын баса айтып жатыр 25.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-25T10:25+0500
2024-01-25T10:25+0500
2024-01-25T10:25+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
нато
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0c/41534507_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_68ba0972585ec733dcd29d810463a0e7.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Батыс "Ресейдің НАТО-ға шабуыл жасау жоспары" туралы айтып, Мәскеуді арнайы операцияның мақсаттарынан бас тартуға мәжбүрлеуге тырысуда, бірақ бұл болмайды, деді РИА Новостиге берген сұхбатында РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин.Барлау қызметінің басшысы айтқандай, Батыс Ресейге қарсы қазіргі гибридті агрессиясын ақтау және оны НАТО-мен тікелей қарулы қақтығыс ықтималдығымен қорқыту үшін мұндай мәлімдемелер арқылы ақпараттық соғыс жүргізіп отыр.Қазан айының басында НАТО әскери комитетінің басшысы Роб Бауер Солтүстік Атлантикалық альянс 2024 жылы Steadfast Defender оқу-жаттығуларында Ресейдің шығыс қапталындағы "басқыншылығына" қарсы әрекетті пысықтайтынын айтты.Қаңтар айында Bild таблоид газеті Бундесвердің "құпия құжатына" сілтеме жасап, НАТО-ның шығыс қапталына Мәскеудің ықтимал шабуылының "жоспарын" жариялады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мақалаға жауап ретінде бұл басылым соңғы уақытта негізсіз мәліметтерді жариялауға әдеттенгенін айтты.Жалпы соңғы жылдары Ресей НАТО-ның батыс шекараларда тым белсенді екенін мәлімдеді. Альянс бастамаларды кеңейтіп, оны "ресейлік агрессияны тежеу" деп атады. Мәскеу Еуропадағы әскери блок күштерінің шоғырлануына қатысты бірнеше рет алаңдаушылық білдірді. Кремльдегілер Ресейдің ешкімге қауіп төндірмейтінін, бірақ өз мүдделеріне ықтимал қауіпті әрекеттерді де назардан тыс қалдырмайтынын айтты.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0c/41534507_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_a16ee085395453f3e8109a81bc4681b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нато, украина, ресей
Ресей арнайы әскери операция мақсаттарынан бас тартпайды – РФ сыртқы барлау қызметі
Батыстағылар Ресейге ықпал ету үмітімен өздерінің жоғары әскери қабілетін, мобилизациялауға дайындығын баса айтып жатыр
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Батыс "Ресейдің НАТО-ға шабуыл жасау жоспары" туралы айтып, Мәскеуді арнайы операцияның мақсаттарынан бас тартуға мәжбүрлеуге тырысуда, бірақ бұл болмайды, деді РИА Новостиге берген сұхбатында РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин.
Барлау қызметінің басшысы айтқандай, Батыс Ресейге қарсы қазіргі гибридті агрессиясын ақтау және оны НАТО-мен тікелей қарулы қақтығыс ықтималдығымен қорқыту үшін мұндай мәлімдемелер арқылы ақпараттық соғыс жүргізіп отыр.
"Батыстағылар Ресейге ықпал ету үмітімен өздерінің жоғары әскери қабілетін, мобилизациялауға дайындығын баса айтып жатыр. Олар осылайша Ресей арнайы әскери операцияның жоспарлары мен мақсаттарынан бас тартады деп ойлайды. Бірақ Ресей де, Ресей басшылығы да өз мақсаттарынан бас тартпайды", - деді Нарышкин.
Қазан айының басында НАТО әскери комитетінің басшысы Роб Бауер Солтүстік Атлантикалық альянс 2024 жылы Steadfast Defender оқу-жаттығуларында Ресейдің шығыс қапталындағы "басқыншылығына" қарсы әрекетті пысықтайтынын айтты.
Қаңтар айында Bild таблоид газеті Бундесвердің "құпия құжатына" сілтеме жасап, НАТО-ның шығыс қапталына Мәскеудің ықтимал шабуылының "жоспарын" жариялады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мақалаға жауап ретінде бұл басылым соңғы уақытта негізсіз мәліметтерді жариялауға әдеттенгенін айтты.
Жалпы соңғы жылдары Ресей НАТО-ның батыс шекараларда тым белсенді екенін мәлімдеді. Альянс бастамаларды кеңейтіп, оны "ресейлік агрессияны тежеу" деп атады. Мәскеу Еуропадағы әскери блок күштерінің шоғырлануына қатысты бірнеше рет алаңдаушылық білдірді. Кремльдегілер Ресейдің ешкімге қауіп төндірмейтінін, бірақ өз мүдделеріне ықтимал қауіпті әрекеттерді де назардан тыс қалдырмайтынын айтты.