Қоғам

Қазақстанда 10 мыңнан астам адам іздестіріліп жатыр – бас прокуратура

CC0 / Skitterphoto / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Жазылу
2 378 адам тергеу мен соттан жасырынып жүр
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 10 178 адам іздестірілуде, деп хабарлайды бас прокуратура.
"Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098-і – хабар-ошарсыз жоғалғандар", - делінген хабарламада.
Жоғалған адамдардың көп бөлігі мына өңірлерде тіркелген:
Алматы қаласы - 278;
Қарағанды облысы-217;
Павлодар облысы-170;
Алматы облысы – 152.
1572 адам үйден кетіп, оралмаған, 73 адам автокөлікпен жоғалған, ал 38 адам жұмыстан шығып, хабар-ошарсыз кеткен.
Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар (77%) әртүрлі жағдайларда жоғалады, деп атап өтті бас прокуратурадағылар.
Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр.
Іздестірілуде жүргендер – негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).
Олардың көбі алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:
Алматы қаласында (496),
Астана қаласында (183),
Шымкент қаласында (149),
Алматы (164),
Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.
Бас прокуратура Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске салды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Терезені сындырып қашып кеткен: Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар
0