https://sputnik.kz/20240125/buu-missiyasyna-baratyn-qazaqstan-bitimgerlerine-qauip-tonip-tur-ma---putin-okilinin-zhauaby-41841343.html
БҰҰ миссиясына баратын Қазақстан бітімгерлеріне қауіп төніп тұр ма - Путин өкілінің жауабы
БҰҰ миссиясына баратын Қазақстан бітімгерлеріне қауіп төніп тұр ма - Путин өкілінің жауабы
Sputnik Қазақстан
Қазір бұл аумақта түрлі елдің әскери бітімгерлері жүр 25.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-25T20:14+0500
2024-01-25T20:14+0500
2024-01-25T20:14+0500
бітімгершілік
https://sputnik.kz/img/07e5/03/14/16587978_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_b515747be78862acfefca9e25ae3b1eb.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Ресей президентінің Сириядағы жағдайды реттеу мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Қазақстаннан баратын әскерилерге бітігершілік миссиясына қатысу кезінде қандай қауіптер болуы мүмкін екенін айтты.Ол Ресей тарапы Голан биіктігі мен Сирияның басқа аймақтарында Израиль әскерилерінің агрессиясына жол бермеу үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді."Қазір олар Сирия аумағындағы әуе шабуылдарымен шектеліп, халықаралық құқықтың барлық талаптарына қарамастан бейбіт нысандарға, әуежайларға және халықаралық әуежайларға соққы беруде. Бұл жағдайда бейбіт тұрғындар арасында да құрбан болғандар бар екені түсінікті. Қазақ контингентінің құрамы үйлеріне аман-есен оралады деп үміттенеміз", - деді Путиннің арнайы өкілі.Оның айтуынша, Голан биіктігінде әр түрлі елдерден жиналған барлығы 1,2 мың адам бар, бүгінде әскери топты гепалдық генерал басқарады."Біз бітімгерлерді Голан биіктеріне жіберу туралы шешімді тек құптаймыз", - деп атап өтті Лаврентьев.Еске сала кетейік, 19 қаңтарда парламент қазақстандық әскерилерді БҰҰ миссияларына жіберу туралы қаулыны мақұлдады.БҰҰ шақыруына сәйкес 2024 жылғы наурызда "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясына өз әскери техникасы, қару-жарағы және резерв ротасы ретінде мүлкі бар 139 әскери қызметші аттанады.Жалпы, БҰҰ-ның бірнеше миссиясына қатысу үшін барлығы 430 әскери қызметші жіберіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/14/16587978_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c95cdca4efa1e27bc799571e5cb01f3b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бітімгершілік
БҰҰ миссиясына баратын Қазақстан бітімгерлеріне қауіп төніп тұр ма - Путин өкілінің жауабы
Қазір бұл аумақта түрлі елдің әскери бітімгерлері жүр
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Ресей президентінің Сириядағы жағдайды реттеу мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Қазақстаннан баратын әскерилерге бітігершілік миссиясына қатысу кезінде қандай қауіптер болуы мүмкін екенін айтты.
"Бітімгершілік контингентінің болуы миссияға қатысушы әскери қызметшілердің өздеріне белгілі бір қауіп төндіреді. Өкінішке қарай, Газа секторында бітімгерлердің өлімі болды. Бірақ соңғы жылдары Голандағы бітімгершілік күштер арасында шығын болған жоқ ", - деді Лаврентьев Астана форматы аясындағы брифинг барысында.
Ол Ресей тарапы Голан биіктігі мен Сирияның басқа аймақтарында Израиль әскерилерінің агрессиясына жол бермеу үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.
"Қазір олар Сирия аумағындағы әуе шабуылдарымен шектеліп, халықаралық құқықтың барлық талаптарына қарамастан бейбіт нысандарға, әуежайларға және халықаралық әуежайларға соққы беруде. Бұл жағдайда бейбіт тұрғындар арасында да құрбан болғандар бар екені түсінікті. Қазақ контингентінің құрамы үйлеріне аман-есен оралады деп үміттенеміз", - деді Путиннің арнайы өкілі.
Оның айтуынша, Голан биіктігінде әр түрлі елдерден жиналған барлығы 1,2 мың адам бар, бүгінде әскери топты гепалдық генерал басқарады.
"Біз бітімгерлерді Голан биіктеріне жіберу туралы шешімді тек құптаймыз", - деп атап өтті Лаврентьев.
Еске сала кетейік, 19 қаңтарда парламент қазақстандық әскерилерді БҰҰ миссияларына жіберу туралы қаулыны мақұлдады.
БҰҰ шақыруына сәйкес 2024 жылғы наурызда "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясына өз әскери техникасы, қару-жарағы және резерв ротасы ретінде мүлкі бар 139 әскери қызметші аттанады.
Жалпы, БҰҰ-ның бірнеше миссиясына қатысу үшін барлығы 430 әскери қызметші жіберіледі.