https://sputnik.kz/20240125/astana-qarzhy-ortalygynyn-zhalaqysy-zhariyalandy-41819992.html
"Астана" қаржы орталығының жалақысы жарияланды
"Астана" қаржы орталығының жалақысы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Жас мамандарға тәжірибесіне қарай 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алады 25.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-25T12:11+0500
2024-01-25T12:11+0500
2024-01-25T12:11+0500
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14522963_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_761d41ae38dd4c833a63e14b54d62299.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров өз жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін тілшілер Бектұровтан орталық қызметкерлерінің орташа жалақысы туралы сұрады. Оның айтуынша, жалақының көлемі әрбір адамның еңбек өтілі мен тәжірибесіне қарай төленеді.Қаржы орталығының басқарушысы өз жалақысын инвестиция ретінде ешқайда салмайтынын да айтты. Себебі уақыт жоқ."Біз артылған ақшаны жинауға тырысамыз, бірақ менің бес балам бар. Сондықтан артық ақша қалмайды. Басқалар сияқты ипотека төлейміз, балабақша мен мектеп бар", - деп атап көрсетті Бектұров.
https://sputnik.kz/20230614/astana-qarzhy-ortalygy-qazaqstanga-83-milliard-dollardan-astam-investitsiya-tartqan-35957022.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14522963_197:0:1974:1333_1920x0_80_0_0_531d96c7622e40a420d8697e415f7aa9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы
"Астана" қаржы орталығының жалақысы жарияланды
Жас мамандарға тәжірибесіне қарай 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алады
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров өз жалақысын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін тілшілер Бектұровтан орталық қызметкерлерінің орташа жалақысы туралы сұрады. Оның айтуынша, жалақының көлемі әрбір адамның еңбек өтілі мен тәжірибесіне қарай төленеді.
"Жас мамандарға тәжірибесіне қарай 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейін төлейміз, орта буын – 600 мың, ал басшылар 700-800 мыңнан жоғары алады. Маған бірінші басшы ретінде 700-800 мыңнан жоғары төлейді", - деді Бектұров сенат отырысынан кейін.
Қаржы орталығының басқарушысы өз жалақысын инвестиция ретінде ешқайда салмайтынын да айтты. Себебі уақыт жоқ.
"Біз артылған ақшаны жинауға тырысамыз, бірақ менің бес балам бар. Сондықтан артық ақша қалмайды. Басқалар сияқты ипотека төлейміз, балабақша мен мектеп бар", - деп атап көрсетті Бектұров.