Әлеуметтік желіде Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасалатыны туралы ақпарат тарады

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Жазылу
Полиция мәліметінше, осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды облыстық полиция департам енті.
Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Архивное фото телефонного разговора - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Алматы мектептерінде терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар жиілеген
Жаңалықтар
0