"Ұлттық ғылым академиясына жас ғалымдарды тарту қажет": Тоқаев Күрішбаевты қабылдады

CC BY-SA 4.0 / wikipedia / Здание Академии наук в Алматы, главный корпус
Здание Академии наук  в Алматы, главный корпус - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
Тоқаев жаңадан тағайындалған басшыңа Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаған Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары деңгейде өткізу маңызды екенін айтты
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы күні кеше тағайындалған Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды.
© PhotoГлава государства принял президента Национальной академии наук Ахылбека Куришбаева
Глава государства принял президента Национальной академии наук Ахылбека Куришбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Глава государства принял президента Национальной академии наук Ахылбека Куришбаева
Мемлекет басшысы былтыр жаңа мәртебе берілген Ұлттық Ғылым академиясы отандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіріп, ғылым мен экономикаға нақты пайда әкелетін жаңалықтар енгізуге ерекше мән беруге тиіс екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының жаңа мүшелерін сайлау процесін жеделдету, Академия жұмысына талантты жас ғалымдар мен жаңа мамандарды кеңінен тарту қажет екеніне назар аударды.
Президентке Ақылбек Күрішбаев өзі басқаратын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми зерттеулерін және агроөнеркәсіп саласын жетілдіруге бағытталған жұмыстарын таныстырды.
Мемлекет басшысының пікірінше, оқу орнына зерттеу университеті мәртебесінің берілуі аграрлық сектордағы ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізуге, ғылыми зерттеулердің нәтижесін коммерцияландыруға мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа міндеттерді ескере отырып, Ұлттық ғылым академиясын дамыту стратегиясы мен жұмыс жоспарын пысықтауды тапсырды.
Сонымен қатар Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаған Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру маңызды екенін айтты.
Жаңалықтар
0