https://sputnik.kz/20240124/shveytsariya-ministri-kievtin-kelissozge-tyyym-saluy-turaly-suraqqa-zhauap-bere-almady-41784097.html
Швейцария министрі Киевтің келіссөзге тыйым салуы туралы сұраққа жауап бере алмады
Швейцария министрі Киевтің келіссөзге тыйым салуы туралы сұраққа жауап бере алмады
Sputnik Қазақстан
Дүйсенбіде Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко 2024 жылы Украина бойынша бейбітшілік саммитіне қатысу үшін Швейцария... 24.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-24T09:51+0500
2024-01-24T09:51+0500
2024-01-24T09:51+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/970/09/9700950_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_636cb7a70ad317f7d93e606a06086b4a.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Швейцарияның сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис Украина билігі Ресей басшылығымен келіссөз жүргізуге тыйым салатын заңның күшін жою керек пе деген сұраққа жауап беруден жалтарды, деп хабарлады РИА Новости."Бұл өте нақты сұрақ. Мен оған жауап бере алмаймын. Қазір бұл сұраққа жауап беруге қолайлы уақыт емес", - деді Кассис."Бір нәрсе анық, егер сіз бейбітшілікке қол жеткізу жолында өзара іс-әрекет жасағыңыз келсе, саяси диалог жүргізуіңіз керек. Ал екі ел арасындағы саяси диалогқа тыйым салсаңыз, онда сіз бейбітшілік процесіне қатыса алмайсыз", - деп мәлімдеді министр.Министр "қазір егжей-тегжейлі осы мәселе жайына тоқталмайтынын", өйткені тараптар "осы алдын ала келіссөздің бастапқы нүктесінде тұрғанын" айтты.Дүйсенбіде Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко 2024 жылы Украина бойынша бейбітшілік саммитіне қатысу үшін Швейцария Мәскеумен байланысқа шықпағанын айтты. Өткен аптада Швейцария президенті Виола Амхерд Владимир Зеленскийдің Украина бойынша бейбітшілік саммитін ұйымдастыруды сұрағанын хабарлады. Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак бұған дейін мәлімдегендей, Киев Украинаның "бейбітшілік формуласын" бекіту үшін саммиттер өткізгісі келеді. Кассис Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге Ресейдің орнына басқа балама мемлекет қатыса алмайтынын, сондықтан Ресейсіз бейбіт конференция өткізу мүмкін емес екенін айтты.Айта кету керек, Швейцария ЕО немесе НАТО мүшесі емес. Бірақ Берн 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Ресей Федерациясына қарсы еуропалық санкциялардың барлығына дерлік қосылды.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/970/09/9700950_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_1fd6c7cb0a9bc077b4c959048d62eba6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
Швейцария министрі Киевтің келіссөзге тыйым салуы туралы сұраққа жауап бере алмады
Дүйсенбіде Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко 2024 жылы Украина бойынша бейбітшілік саммитіне қатысу үшін Швейцария Мәскеумен байланысқа шықпағанын айтты
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Швейцарияның сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис Украина билігі Ресей басшылығымен келіссөз жүргізуге тыйым салатын заңның күшін жою керек пе деген сұраққа жауап беруден жалтарды, деп хабарлады РИА Новости.
"Бұл өте нақты сұрақ. Мен оған жауап бере алмаймын. Қазір бұл сұраққа жауап беруге қолайлы уақыт емес", - деді Кассис.
"Бір нәрсе анық, егер сіз бейбітшілікке қол жеткізу жолында өзара іс-әрекет жасағыңыз келсе, саяси диалог жүргізуіңіз керек. Ал екі ел арасындағы саяси диалогқа тыйым салсаңыз, онда сіз бейбітшілік процесіне қатыса алмайсыз", - деп мәлімдеді министр.
Министр "қазір егжей-тегжейлі осы мәселе жайына тоқталмайтынын", өйткені тараптар "осы алдын ала келіссөздің бастапқы нүктесінде тұрғанын" айтты.
"Біз қазір осы мәселеде ілгерілеуге жетудің жолдары бар-жоғын білу үшін осындай келіссөзге қатысып жатырмыз. Көптеген мәселе бар. Бұл олардың бірі ғана", - деп мәлімдеді Кассис.
Дүйсенбіде Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко 2024 жылы Украина бойынша бейбітшілік саммитіне қатысу үшін Швейцария Мәскеумен байланысқа шықпағанын айтты. Өткен аптада Швейцария президенті Виола Амхерд Владимир Зеленскийдің Украина бойынша бейбітшілік саммитін ұйымдастыруды сұрағанын хабарлады.
Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак бұған дейін мәлімдегендей, Киев Украинаның "бейбітшілік формуласын" бекіту үшін саммиттер өткізгісі келеді. Кассис Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге Ресейдің орнына басқа балама мемлекет қатыса алмайтынын, сондықтан Ресейсіз бейбіт конференция өткізу мүмкін емес екенін айтты.
Айта кету керек, Швейцария ЕО немесе НАТО мүшесі емес. Бірақ Берн 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Ресей Федерациясына қарсы еуропалық санкциялардың барлығына дерлік қосылды.