https://sputnik.kz/20240124/sabi-duniege-kelgennen-keyin-20-minut-ishinde-zhsn-beriledi-41797959.html
Сәби дүниеге келгеннен кейін 20 минут ішінде ЖСН беріледі
Сәби дүниеге келгеннен кейін 20 минут ішінде ЖСН беріледі
Sputnik Қазақстан
Жаңа норма сәби саудасын тоқтатуға мүмкіндік береді деп күтілуде 24.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-24T15:44+0500
2024-01-24T15:44+0500
2024-01-24T15:44+0500
сәби
жаңа туған сәби
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24590736_0:9:1281:729_1920x0_80_0_0_cc49114a05309defda61441535725533.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда нәрестелерге аты-жөнінен бұрын жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жаңа норма кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған.Оған сәйкес, жаңа туған нәрестенің жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру ұсынылып отыр. Депутаттар осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты қылмыстарға тосқауыл қоймақ.Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева түсіндіргендей, қазір ЖСН сәбиге туу туралы куәлікті рәсімдеген кезде беріледі. Ал куәлікті рәсімдеу үшін балаға ең алдымен ат қою керек.Депутаттың айтуынша, бұл медициналық ақпараттық жүйеде автоматты түрде жасалады. Дүниеге келген сәби еліміздің барлық ақпараттық жүйесінде азамат ретінде тіркеледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24590736_48:0:1189:856_1920x0_80_0_0_bcd05c40a54681838feca34550f412ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сәби, жаңа туған сәби
Сәби дүниеге келгеннен кейін 20 минут ішінде ЖСН беріледі
Жаңа норма сәби саудасын тоқтатуға мүмкіндік береді деп күтілуде
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда нәрестелерге аты-жөнінен бұрын жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаңа норма кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған.
Оған сәйкес, жаңа туған нәрестенің жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру ұсынылып отыр. Депутаттар осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты қылмыстарға тосқауыл қоймақ.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева түсіндіргендей, қазір ЖСН сәбиге туу туралы куәлікті рәсімдеген кезде беріледі. Ал куәлікті рәсімдеу үшін балаға ең алдымен ат қою керек.
"Ата-ана сәбиіне қандай есім қоятынын ойластырып жатқанда, біраз уақыт өтіп кетеді. Кейде заңда қарастырылған мерзім сақталмайды, тіпті кейде ЖСН мүлде тіркелмейді. Мұндай жайттар болды. Сол себепті біз туу туралы куәлікті күтпей, нәрестеге дүниеге келген сәтте бірден ЖСН беруді ұсынып отырмыз", – деді Смышляева мәжіліс кулуарында.
Депутаттың айтуынша, бұл медициналық ақпараттық жүйеде автоматты түрде жасалады. Дүниеге келген сәби еліміздің барлық ақпараттық жүйесінде азамат ретінде тіркеледі.