"ҚазТрансГазАймақ" филиалына жалған ақпарат бергені үшін айыппұл салынды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалы монополияға қарсы органға жалған ақапарат ұсынған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шартында тауарлық газға ақы төлеу шарттарында баяндалған талаптарға қатысты өтінішін қарау аясында "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Батыс-Қазақстан өндіріс филиалы атына сұрау хаттар жолдады.
"Департаменттің сұрауына "ҚазТрансГазАймақ" АҚ жауабында шарттың талаптары Қазақстанның барлық коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылары үшін бірыңғай екені туралы ақпарат берілген. Алайда департамент филиалдың монополияға қарсы органға дұрыс емес және жалған ақпарат бергендігін анықтады", - делінген бәсекелестікті қорғау агенттігінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, кейбір шарттарда коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылармен жасалған шарттарды іріктеп талдау кезінде талаптар басқа редакцияда жазылып, әртүрлі шарттарды қолдануы анықталған.
Осыған байланысты департамент "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ға қатысты монополияға қарсы органға дұрыс емес ақпарат беру фактісі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.
"Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен "ҚазТрансГазАймақ" АҚ 5 520 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды", - деп атап өтті ведомство.
Айта кетейік, сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, салынған айыппұл сомасын 30%-ға дейін, яғни 3 864 000 теңгеге азайтты.
Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.
Жаңалықтар
0