Қазақстанның сыртқы істер министрі Тәжікстан президентімен кездеседі

© Photo : Пресс-служба МИД КазахстанаМинистр иностранных дел Казахстана с официальным визитом прибыл в Таджикистан
Министр иностранных дел Казахстана с официальным визитом прибыл в Таджикистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Тәжікстанға барды
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Тәжікстанға барды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан СІМ басшысын Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстан сыртқы істер министрінің орынбасары Фаррух Шарифзода және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес Нұртілеу Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөздер жүргізеді және жетекші тәжік кәсіпорындары мен компанияларының өкілдерімен кездесу өткізеді.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Душанбе алаңындағы Исмоили Сомони ескерткішіне және Абдулкосим Фирдоуси атындағы саябақтағы Тәжікстандағы қазақстандық бітімгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.
Сапар аясында Нұртілеуді Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон қабылдайды.
Жаңалықтар
0