https://sputnik.kz/20240124/qazaqstannyn-enbek-sinirgen-darigeri-qurmetti-atagy-payda-boldy-41794956.html
"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы пайда болды
"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы пайда болды
Sputnik Қазақстан
Қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан медицина қызметкерлерінің балаларына жоғары оқу орындарына грант беріледі 24.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-24T14:08+0500
2024-01-24T14:08+0500
2024-01-24T14:08+0500
дәрігер
заң
https://sputnik.kz/img/07e8/01/11/41625806_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_60fe1fecefbc7a1741fce7188a911f57.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағына ие болған ақхалаттыларға 1000 АЕК біржолғы төлем төленеді. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң жобасында медицина қызметкерлері үшін жаңа әлеуметтік кепілдіктер көзделген.Атап айтқанда, "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы енгізіледі. Бұл атаққа ие болғандар 1000 АЕК мөлшерінде (биыл 3 692 000 теңге) біржолғы төлеммен марапатталады.Сондай-ақ жыл сайын "Өз мамандығының үздігі" республикалық конкурсы өткізіліп тұрады. Байқау жеңімпазы 500 АЕК (2024 жылы 1 846 000 теңге) мөлшерінде төлем алады.Бұған қоса енді балабақшаларда орын бөлу кезінде медицина қызметкерлерінің балаларына басым құқық беріледі. Ал қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған медицина қызметкерлерінің балалары жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады, яғни мемлекеттік білім гранты емтихансыз беріледі.Сонымен қатар заң жобасында медициналық мамандық бойынша әскери қызмет өткеру құқығын беру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы нормалар қарастырылған.Мәжіліс депутаттары заңды екінші оқылымда қабылдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/11/41625806_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_5787e91804b4d849890ceb6744b0305d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, заң
"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы пайда болды
Қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан медицина қызметкерлерінің балаларына жоғары оқу орындарына грант беріледі
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағына ие болған ақхалаттыларға 1000 АЕК біржолғы төлем төленеді. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасында медицина қызметкерлері үшін жаңа әлеуметтік кепілдіктер көзделген.
Атап айтқанда, "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы енгізіледі. Бұл атаққа ие болғандар 1000 АЕК мөлшерінде (биыл 3 692 000 теңге) біржолғы төлеммен марапатталады.
Сондай-ақ жыл сайын "Өз мамандығының үздігі" республикалық конкурсы өткізіліп тұрады. Байқау жеңімпазы 500 АЕК (2024 жылы 1 846 000 теңге) мөлшерінде төлем алады.
Бұған қоса енді балабақшаларда орын бөлу кезінде медицина қызметкерлерінің балаларына басым құқық беріледі. Ал қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған медицина қызметкерлерінің балалары жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады, яғни мемлекеттік білім гранты емтихансыз беріледі.
Сонымен қатар заң жобасында медициналық мамандық бойынша әскери қызмет өткеру құқығын беру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы нормалар қарастырылған.
Мәжіліс депутаттары заңды екінші оқылымда қабылдады.