https://sputnik.kz/20240124/qazaqstan-men-resey-arasyndagy-saudanyn-damuyna-bashqurtstan-eleuli-ules-qosty--smayylov-41800615.html
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауданың дамуына Башқұртстан елеулі үлес қосты – Смайылов
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауданың дамуына Башқұртстан елеулі үлес қосты – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Радий Хабировтың айтуынша, өзара сауда көлемі енді ғана өсе бастады 24.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-24T16:49+0500
2024-01-24T16:49+0500
2024-01-24T16:49+0500
әлихан смайылов
башқұртстан
сауда
https://sputnik.kz/img/07e8/01/18/41798924_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0897441861c500941464683910bed19c.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына Башқұртстан тарапы елеулі үлес қосып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен кездесуінде айтты.Кездесу барысында Қазақстан өңірлері мен Башқұртстан арасындағы өнеркәсіп кооперациясын нығайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі тереңдету мақсатында ауыл шаруашылығы, логистика, білім беру және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Үкімет басшысы Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Премьер-министр 2022 жылы Қазақстан-Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі 10%-ға өсіп, 27 млрд АҚШ долларына жеткенін айтты. Өткен жылдың 11 айында өзара сауда көрсеткіші 24 млрд АҚШ долларын құрады.Үкімет басшысы осы ретте арадағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар екенін айтты.Өз тарапынан Башқұртстан басшысы өнеркәсіп кооперациясын одан әрі тереңдетуге және сауда қатынастарын дамытуға қызығушылық танытты."Біздің кәсіпорындарымыздың экономикалық ынтымақтастығы артып келеді. Мүмкіндіктер енді ғана іске асырыла басталғанын көріп отырмыз. Тауар айналымын одан әрі ұлғайту алдағы жылдардағы ортақ міндетіміз деп санаймын. Бұл үшін тиісті алғышарттардың барлығы бар", — деді Радий Хабиров.
https://sputnik.kz/20240124/qazaqstannyn-bashqurtstanmen-11-ayda-tauar-aynalymy-350-mln-dollardan-asty--toqaev--41797475.html
башқұртстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/18/41798924_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_29208ee1c98b6d33c59f82f512ee5911.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, башқұртстан, сауда
әлихан смайылов, башқұртстан, сауда
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауданың дамуына Башқұртстан елеулі үлес қосты – Смайылов
Радий Хабировтың айтуынша, өзара сауда көлемі енді ғана өсе бастады
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына Башқұртстан тарапы елеулі үлес қосып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен кездесуінде айтты.
Кездесу барысында Қазақстан өңірлері мен Башқұртстан арасындағы өнеркәсіп кооперациясын нығайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі тереңдету мақсатында ауыл шаруашылығы, логистика, білім беру және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Үкімет басшысы Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Премьер-министр 2022 жылы Қазақстан-Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі 10%-ға өсіп, 27 млрд АҚШ долларына жеткенін айтты. Өткен жылдың 11 айында өзара сауда көрсеткіші 24 млрд АҚШ долларын құрады.
"Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына Башқұртстан Республикасы елеулі үлес қосуда. Аталған кезеңде өңірлер арасындағы тауар айналымы 350 млн АҚШ долларынан асты", — деді Смайылов.
Үкімет басшысы осы ретте арадағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар екенін айтты.
Өз тарапынан Башқұртстан басшысы өнеркәсіп кооперациясын одан әрі тереңдетуге және сауда қатынастарын дамытуға қызығушылық танытты.
"Біздің кәсіпорындарымыздың экономикалық ынтымақтастығы артып келеді. Мүмкіндіктер енді ғана іске асырыла басталғанын көріп отырмыз. Тауар айналымын одан әрі ұлғайту алдағы жылдардағы ортақ міндетіміз деп санаймын. Бұл үшін тиісті алғышарттардың барлығы бар", — деді Радий Хабиров.