Оралда трактор әйелді екі баласымен бірге басып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад в Нур-Султане
Снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
Денсаулық сақтау басқармасы 40 жастағы әйелдің облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Орал қаласында екі баласымен жолдан өтіп бара жатқан әйелді трактор басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "МойГород" порталына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға 23 қаңтарда орталық базар жақта болған. Әйел екі баласын ұстап, жолдан өтіп бара жатқан. Сол жерде коммуналдық қызметке қарайтын трактор қар күреп жүрді.
"Трактор қарды алып, КамАЗ-ға арту үшін артқа жүрген. Техниканың жүргізушісі оны байқамаған болуы керек, екі баласымен бірге басып кетті. Адамдар балаларды шығарып үлгерді. Ал әйелдің екі аяғын басып өтті. Біз оған тиіскен жоқпыз, жедел жәрдемді күттік", - дейді оқиғаның куәгері.
Денсаулық сақтау басқармасы 40 жастағы әйелдің облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады. Оның жағдайы орта ауыр болып тұр.
"8 және 10 жастағы екі қызды травмотолог та, нейрохирург та қарап шықты. Біреуі тізесінен жарақат алды. Медициналық көмектен кейін екеуі де үйіне жіберілді", - дейді дәрігерлер.
Ал полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Тексерістің нәтижесі бойынша шешім қабылданады.
Жаңалықтар
0