Атырауда екі қыздан 300-ге жуық есірткі дозасы тәркіленді

© ДВД Северо-Казахстанской областиГероин. Архивное фото - рекадр
Героин. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде бір дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленді
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткіні жасыру әдісі арқылы сатумен айналысқан 25 пен 22 жастағы екі күдіктіні – Астананың және Павлодар облысының тұрғындарын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде бір дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, бір дана орама заттың ішінде құны 5 млн теңге болатын а-PVP синтетикалық есірткісі бар екені анықталды.
Тексеру жұмыстары кезінде күдікті қыздардың Атырау қаласына 2023 жылдың қараша айында синтетикалық есірткі сататын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу мақсатында келгені белгілі болды.
Қазіргі уакытта күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0