https://sputnik.kz/20240124/afrika-elderimen-seriktestik--eaeo-nyn-negizgi-basymdyqtarynyn-biri-41798752.html
Африка елдерімен серіктестік – ЕАЭО-ның негізгі басымдықтарының бірі
Африка елдерімен серіктестік – ЕАЭО-ның негізгі басымдықтарының бірі
Sputnik Қазақстан
ЕЭК делегациясы Оңтүстік Африкадағы автомобильдік арнайы экономикалық аймағы резиденттері ретінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің инвесторларын тарту... 24.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-24T17:49+0500
2024-01-24T17:49+0500
2024-01-24T17:49+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41195363_0:49:1280:769_1920x0_80_0_0_3f6c8b2a6b3be9fc5c5de638bd4436c5.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасына жұмыс сапары аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев пен ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян "Цване" автомобильдік арнайы экономикалық аймағына барды. Бұл – Африкадағы алғашқы автомобиль қаласы. Оңтүстік Африканың автомобиль өндірісінің 40%-ы осы өнеркәсіп орталығына тиесілі, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.Автомобильдік арнайы экономикалық аймақтың бас атқарушы директоры Бека Зулумен келіссөз барысында ЕЭК делегациясы Оңтүстік Африкадағы автомобильдік арнайы экономикалық аймағы резиденттері ретінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің инвесторларын тарту мүмкіндіктерін талқылады.Сонымен қатар, Николай Кушнарев пен Армен Арутюнян Гаутенг провинциясының экономикалық даму министрі Тасним Мотарамен өнеркәсіптік кооперацияның өзекті мәселелерін және агроөнеркәсіптік кешенде бірлескен өндіріс құру әлеуетін талқылады. Министр автомобильдік арнайы экономикалық аймағын басқару мен іске асыру аясында жеке және мемлекеттік сектор арасындағы стратегиялық әріптестіктің нәтижелерін, сондай-ақ уәкілетті органдардың инвесторлар үшін беретін салықтық жеңілдіктерін жан-жақты таныстырды."Цване" автомобильдік арнайы экономикалық аймағы ЕАЭО өнеркәсіптік секторымен интеграцияға, қосылған құн өндірісін арттыруға және өңірлік экономикалық дамуға ықпал ете алатын өндірістік және технологиялық мүмкіндіктер мен артықшылықтарды айқын көрсетеді", - деді Николай Кушнарев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41195363_95:0:1186:818_1920x0_80_0_0_8fba9fc3f790e915ef90df0782a760ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Африка елдерімен серіктестік – ЕАЭО-ның негізгі басымдықтарының бірі
ЕЭК делегациясы Оңтүстік Африкадағы автомобильдік арнайы экономикалық аймағы резиденттері ретінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің инвесторларын тарту мүмкіндіктерін талқылады
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасына жұмыс сапары аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев пен ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян "Цване" автомобильдік арнайы экономикалық аймағына барды. Бұл – Африкадағы алғашқы автомобиль қаласы. Оңтүстік Африканың автомобиль өндірісінің 40%-ы осы өнеркәсіп орталығына тиесілі, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.
Автомобильдік арнайы экономикалық аймақтың бас атқарушы директоры Бека Зулумен келіссөз барысында ЕЭК делегациясы Оңтүстік Африкадағы автомобильдік арнайы экономикалық аймағы резиденттері ретінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің инвесторларын тарту мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар, Николай Кушнарев пен Армен Арутюнян Гаутенг провинциясының экономикалық даму министрі Тасним Мотарамен өнеркәсіптік кооперацияның өзекті мәселелерін және агроөнеркәсіптік кешенде бірлескен өндіріс құру әлеуетін талқылады. Министр автомобильдік арнайы экономикалық аймағын басқару мен іске асыру аясында жеке және мемлекеттік сектор арасындағы стратегиялық әріптестіктің нәтижелерін, сондай-ақ уәкілетті органдардың инвесторлар үшін беретін салықтық жеңілдіктерін жан-жақты таныстырды.
"Цване" автомобильдік арнайы экономикалық аймағы ЕАЭО өнеркәсіптік секторымен интеграцияға, қосылған құн өндірісін арттыруға және өңірлік экономикалық дамуға ықпал ете алатын өндірістік және технологиялық мүмкіндіктер мен артықшылықтарды айқын көрсетеді", - деді Николай Кушнарев.