300-ден астам қазақстандық турист шетелде қалып қойды: туроператор жұмысы тоқтатылды

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивное фото багажа в аэропорту
Архивное фото багажа в аэропорту - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. TEZ.KZ туроператорының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының баспасөз қызметі.
Қызметі тоқтатылған туроператор арқылы саяхатқа шығып, қазір шетелде жүрген 300-ден астам турист бар екені анықталды.
Осы жағдайға қатысты туризм және спорт министрлігі түсініктеме берді.

"Мәселені шешу үшін туризм және спорт министрлігі мүдделі тараптармен жедел кеңес өткізді. Осылайша, министрліктің қолдауымен TEZ.KZ туроператорының барлық турисі Қазақстанға туроператордың кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражаты есебінен қайтарылады. Оның алғышарты - туркодының болуы. Туристерге туристік өнімде көрсетілген келу күндеріне сәйкес Қазақстанға қайту билеті беріледі", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 2016 жылдан бастап туроператор сататын әрбір турда ТУРКОД болуы керек. Ол – бірегей әріптік-цифрлық мән. Туркодтың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен кезден басталады. Ол туроператордың өз міндеттемелерін орындауы/орындамауы мүмкін болмаған жағдайда тез арада елге қайтуына кепілдік береді. Әрбір турист оны талап етуі керек.
Туристердің қайтарылуы бойынша барлық сұраққа қатысты мына нөмірлерге хабарласып білуге болады:
1) "Туристік қамқор" корпоративтік қорының директоры - Есилов Асылхан Бурамбекович, тел. 74-51-58, +7-701-534-05-08;
2) ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы – Мейіржан Әуезов, тел. 74-07-71, +7-701-553-20-64.
Жаңалықтар
0