https://sputnik.kz/20240124/16-zhastagy-amir-omarkhanov-australian-open-nin-shirek-finalyna-shyqty-41779092.html
16 жастағы Әмір Омарханов Australian Open-нің ширек финалына шықты
16 жастағы Әмір Омарханов Australian Open-нің ширек финалына шықты
Sputnik Қазақстан
Қарағанды теннис мектебінің түлегі командада бірінші болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр 24.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-24T08:25+0500
2024-01-24T08:25+0500
2024-01-24T08:25+0500
теннис
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41357284_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_ed6a9e641676b416ec4741d59a6e6d28.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.16 жастағы Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді қапы қалдырды. Бірінші сетте қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде Ким есе қайтарды. Бірақ шешуші үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп – 6:0.Жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингті жеңу керек.Айта кетері, Қарағанды теннис мектебінің түлегі командада бірінші болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Қазіргі кезде ол әлем бойынша жасөспірімдер рейтингісінде 27-орында тұр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41357284_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_e56e82a564d92e62a7cb17566ae6051f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теннис
16 жастағы Әмір Омарханов Australian Open-нің ширек финалына шықты
Қарағанды теннис мектебінің түлегі командада бірінші болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
16 жастағы Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді қапы қалдырды. Бірінші сетте қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде Ким есе қайтарды. Бірақ шешуші үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп – 6:0.
Жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингті жеңу керек.
Айта кетері, Қарағанды теннис мектебінің түлегі командада бірінші болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Қазіргі кезде ол әлем бойынша жасөспірімдер рейтингісінде 27-орында тұр.