Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

РФ мемлекеттік думасы БҰҰ-ны Киевтің әрекетін айыптауға шақыратын қаулы жобасын қабылдады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуНа рабочем месте депутата в зале пленарных заседаний Государственной Думы РФ, архивное фото
На рабочем месте депутата в зале пленарных заседаний Государственной Думы РФ, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Жазылу
21 қаңтар күні таңертең украин әскері Донецктің Киров ауданына шабуыл жасады
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары БҰҰ мен бүкіл әлем парламенттерін Киев билігінің қатыгездік әрекетін айыптап, жалғасып жатқан гуманитарлық құқық бұзушылықтар мен жаппай әскери қылмыстарға құқықтық баға беруге шақыратын қарар жобасын қабылдады, деп хабарлады РИА Новости.
Дүйсенбіде Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитеті Мемлекеттік Думаға Украина қарулы күштерінің Ресей азаматтарына қарсы қылмыстық шабуылдарына байланысты БҰҰ-ға шағымдану туралы қарар жобасын енгізді.
"Мемлекеттік Думаның депутаттары Біріккен Ұлттар Ұйымын, халықаралық парламенттік ұйымдарды және әлем парламенттерін Киев билігінің қатыгездік әрекетін айыптап, жалғасып жатқан гуманитарлық құқық бұзушылықтар мен жаппай әскери қылмыстарға құқықтық баға беруге шақырады", - делінген құжатта.
Сондай-ақ депутаттар 21 қаңтарда Донецкіге жасалған қылмыстық шабуылды айыптаған. Олардың пікірінше, Киев режимінің қылмыстық ұстанымын көрсетеді.
"Мемлекеттік Думаның депутаттары лаңкестік қауіп пен неонацистік идеяларды жоюға мүдделі, тату көршілік, өзара тиімді ынтымақтастық қағидаларын сөзбен емес, іс-әрекетпен қолдайтын және ортақ мекеніміз – Еуропа континентінің бейбіт дамуын қалайтын әрбір тарапты сындарлы диалог пен өзара іс-қимылға шақырады", - делінген құжатта.
21 қаңтар күні таңертең украин әскері Донецктің Киров ауданына шабуыл жасады. "Текстильщик" ықшам ауданындағы базар аумағына артиллериямен оқ жаудырды. ДХР басшысы Денис Пушилиннің айтуынша, КХДР-да шабуылдан қаза тапқандар саны қазір 27 адам, жараланғандар саны 25 адам, жексенбі күні барлығы 28 адам қаза тапқан.
Жаңалықтар
0