Қазақстанның сейсмология институтына 4-5 млрд теңге бөлінбек - министр

© Sputnik / Владислав ВодневНурбек Саясат
Нурбек Саясат - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Жазылу
Қаржыландыру кадрлық әлеуетті күшейтуге және инфрақұрылымға бөлінеді
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Сейсмология институтына биыл 4-5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алдын ала ақпарат бойынша 4-5 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Бірақ нақты сома жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы мен конкурс қорытындысынан кейін белгілі болады", – деді Саясат Нұрбек үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында институтты қаржыландыру ұлғайтылады. Қаражат институттың кадрлық әлеуетін күшейтуге және инфрақұрылымға бағытталмақ.
"Шын мәнінде, біз сейсмология ғылымын көтеріп, жаңа стандарттарға ауыстыруымыз керек. Қажетті қаржыландыру былтырдан басталды, биыл да жалғасады", – деп сендірді ведомство басшысы.
Жаңалықтар
0