https://sputnik.kz/20240123/qazaqstandyq-kasiporyndar-ondiristi-zhangyrtuga-mindetteledi-41757940.html
Қазақстандық кәсіпорындар өндірісті жаңғыртуға міндеттеледі
Қазақстандық кәсіпорындар өндірісті жаңғыртуға міндеттеледі
Sputnik Қазақстан
Жыл сайынғы шығарындылар жылына 900 мың тоннаға азаяды деп жоспарланып отыр 23.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-23T11:53+0500
2024-01-23T11:53+0500
2024-01-23T11:53+0500
кәсіпорын
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15547924_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_9865a72230e8583dc54be74cd7943414.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Келесі жылдан бастап қазақстандық кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсаттарға көшеді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынш, ең үздік қолжетімді технологияларға көшу реформасы аясында мына жұмыстар жүргізілді:Министрдің айтуынша, ТОП-50 ірі кәсіпорын ең үздік қолжетімді технологияны енгізе отырып, кешенді экологиялық рұқсатқа көшеді. Нәтижесінде жыл сайынғы шығарындылар жылына 900 мың тоннадан астамға азаяды."Ең үздік қолжетімді технологияларға ауысқан компаниялар он жылға эмиссиялар үшін төлемдерден босатылады. Ең үздік қолжетімді технологиялар енгізілмеген жағдайда шығарындылар үшін төлемақы мөлшерлемелері 2025 жылдан бастап әр үш жыл сайын біртіндеп көтеріледі", – деп мәлімдеді ведомство басшысы.Нысанбаев қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін ұлғайту кешенді экологиялық рұқсатқа көшуге және ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге ынталандырушы тетіктердің бірі болатынын атап өтті.Министрдің айтуынша, ең үздік қолжетімді технологияларды жаңғыртуға және енгізуге жұмсалған қаражат қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын сауықтыруға әсер етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15547924_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_16b3e3714a5cb7d32279a52a5c4dff82.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпорын
Қазақстандық кәсіпорындар өндірісті жаңғыртуға міндеттеледі
Жыл сайынғы шығарындылар жылына 900 мың тоннаға азаяды деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Келесі жылдан бастап қазақстандық кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсаттарға көшеді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Заңнамаға сәйкес, еліміздегі кәсіпорындар 2025 жылдан кешенді экологиялық рұқсаттарға көше бастайды. Кәдімгі экологиялық рұқсатпен салыстырғанда кешенді экологиялық рұқсат эмиссия нормативтерін айқындау үшін ғана берілмейді, сондай-ақ "ең үздік қолжетімді технологияларды" енгізуді көздейді", – деді Нысанбаев үкімет отырысында.
Айтуынш, ең үздік қолжетімді технологияларға көшу реформасы аясында мына жұмыстар жүргізілді:
өнеркәсіптің негізгі салалары бойынша 96 кәсіпорында кешенді технологиялық аудит аяқталды;
ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша 16 анықтамалық бекітілді.
Министрдің айтуынша, ТОП-50 ірі кәсіпорын ең үздік қолжетімді технологияны енгізе отырып, кешенді экологиялық рұқсатқа көшеді. Нәтижесінде жыл сайынғы шығарындылар жылына 900 мың тоннадан астамға азаяды.
"Ең үздік қолжетімді технологияларға ауысқан компаниялар он жылға эмиссиялар үшін төлемдерден босатылады. Ең үздік қолжетімді технологиялар енгізілмеген жағдайда шығарындылар үшін төлемақы мөлшерлемелері 2025 жылдан бастап әр үш жыл сайын біртіндеп көтеріледі", – деп мәлімдеді ведомство басшысы.
Нысанбаев қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін ұлғайту кешенді экологиялық рұқсатқа көшуге және ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге ынталандырушы тетіктердің бірі болатынын атап өтті.
Министрдің айтуынша, ең үздік қолжетімді технологияларды жаңғыртуға және енгізуге жұмсалған қаражат қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын сауықтыруға әсер етеді.