Майқайыңдағы автобус апаты: қылмыстық істің тергеу барысын прокуратура бақылауға алды

© Photo : Valeriy BUGAYEVНе прекращаются поисковые работы на месте обвала в районе горного отвода АО "Майкаинзолото".
Не прекращаются поисковые работы на месте обвала в районе горного отвода АО Майкаинзолото. - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Майқайың кенішінде болған автобус апатына қатысты қылмыстық істің тергеу барысын прокуратура бақылауға алды, деп хабарлайды Павлодар облыстық прокуратура.
"Павлодар облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы 2024 жылғы 04 қаңтарда Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі "Майқайыңалтын" АҚ аумағында болған оқиға фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істі тергеуде", - делінген прокуратура хабарламасында.
Еске салсақ, қаңтар айының басында Павлодар облысында адамдар мінген автобус шахта маңында шұңқырға құлап кетті. Шұңқырдың тереңдігі 150 метрді құрайды. Көлікте төрт адам болған, кейін екі адамның мәйіті табылды. Автобустың өзін және тағы екі қызметкерді – жүргізуші мен құтқарушыны іздеу жұмыстары жалғасуда.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды тергеу жөніндегі комиссия құрылды.
Іс бойынша процессуалды прокурорлар тағайындалды.
Қазба орнынан автобустың бірнеше фрагменттері мен құтқарушылардың жеке жабдықтары жер бетіне көтерілді.
Қазіргі уақытта оқиға орнына жол салу үшін топырақ шығарылып, геосканерлеу жүргізілуде, шағын көлемді экскаваторлар түсірілді, екі құтқарушыны іздеу жалғасып жатыр.
Тау жыныстарының тұрақсыздығына және шұңқыр астында қуыс жерлер пайда болып, топырақтың басуына байланысты жұмыстарды жүргізу қиындауда.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 147 адам, 45 техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Қылмыстық істі тергеу шеңберінде кәсіпорынның 40-тан астам қызметкерінен, сондай-ақ ЖШС басшылығынан жауап алынды, қажетті құжаттар, бейнебақылау камераларынан жазбалар алынды.
Іс бойынша жолдың опырылып құлау себептерін анықтау үшін елдің әртүрлі аймақтарынан тау-кен-құрылыс жұмыстары саласының мамандарын тарта отырып, бірқатар сараптамалар жасалды.
Тергеу бас прокуратураның бақылауында.
Жаңалықтар
0