https://sputnik.kz/20240123/almatydagy-zher-silkinisi-astanada-da-sezildi-ministr-sebebin-tusindirip-berdi-41757116.html
Алматыдағы жер сілкінісі Астанада да сезілді: министр себебін түсіндіріп берді
Алматыдағы жер сілкінісі Астанада да сезілді: министр себебін түсіндіріп берді
Sputnik Қазақстан
Ғылым министрінің айтуынша, жерасты дүмпулері оңтүстіктен солтүстікке бағытталған 23.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-23T11:20+0500
2024-01-23T11:20+0500
2024-01-23T11:56+0500
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41060265_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_849fe89a0e96a1235d41314ac2c788bd.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісін астаналықтар неліктен сезгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, Алматыда болған жер сілкінісінің сейсмикалық толқыны әжептәуір қуатты болған. Рихтер шкаласы бойынша күші – 6,5-7 балл.Десе де ол астаналықтарға үрейленудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді."Айту қиын әрине, бірақ қорқудың қажеті жоқ. Астана орнықты Тұран платформасында орналасқан. Бұл жай ғана осындай афтершок, қатты дүмпу болды. Уайымдайтын ештеңе жоқ", – деп сендірді ведомство басшысы.Еске сала кетейік, 23 қаңтар түнгі сағат 00:09-да Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды. Одан бөлек Шымкент қаласында - 2, Жамбыл облысында - 2-3 және Жетісу облысында - 4 балдық жер сілкінісі тіркелген. Тіпті Астананың тұрғындары да жер асты дүмпуін сезген.Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам зардап шеккен, оның 34-і – ересектер. Үш адам ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаторлық емге жіберілді.Он баланың бесеуі ауруханаға түсті, қалған бесеуі үйіне амбулаторлық емге шығарылды.Алдын ала мәліметтер бойынша қираған ғимараттар жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41060265_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_12ceabf04a8ce260a668c59038b7a386.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер сілкінісі
Алматыдағы жер сілкінісі Астанада да сезілді: министр себебін түсіндіріп берді
11:20 23.01.2024 (жаңартылды: 11:56 23.01.2024) Ғылым министрінің айтуынша, жерасты дүмпулері оңтүстіктен солтүстікке бағытталған
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісін астаналықтар неліктен сезгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, Алматыда болған жер сілкінісінің сейсмикалық толқыны әжептәуір қуатты болған. Рихтер шкаласы бойынша күші – 6,5-7 балл.
"Сол себепті жер сілкінісі Орталық Қазақстанда да сезілді. Жерасты дүмпулері оңтүстіктен солтүстікке бағытталған. Сондықтан Астананың тұрғындары да әлсіз болса да сезді", –деді Саясат Нұрбек үкіметте өткен брифингте.
Десе де ол астаналықтарға үрейленудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді.
"Айту қиын әрине, бірақ қорқудың қажеті жоқ. Астана орнықты Тұран платформасында орналасқан. Бұл жай ғана осындай афтершок, қатты дүмпу болды. Уайымдайтын ештеңе жоқ", – деп сендірді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, 23 қаңтар түнгі сағат 00:09-да Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды. Одан бөлек Шымкент қаласында - 2, Жамбыл облысында - 2-3 және Жетісу облысында - 4 балдық жер сілкінісі тіркелген. Тіпті Астананың тұрғындары да жер асты дүмпуін сезген.
Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам зардап шеккен, оның 34-і – ересектер. Үш адам ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаторлық емге жіберілді.
Он баланың бесеуі ауруханаға түсті, қалған бесеуі үйіне амбулаторлық емге шығарылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша қираған ғимараттар жоқ.