Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 44 адамға жетті – министрлік

© Sputnik / Анатолий Медведь / Медиабанкке өтуГоспитализация пациента, архивное фото
Госпитализация пациента, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Жазылу
Оның ішінде 10 бала бар
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Түнгі сағат 01:00-ден бастап Алматыда жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақат алған 44 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

"медициналық көмекке жүгінгендер қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам бар. Олардың 3-еуі ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-еуі ауруханаға жатқызылды, 5-еуі амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.
Барлық пациент қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді, деп сендірді министрлік.
Еске сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.
Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.
Алматинцы эвакуировались из домов из-за землетрясения - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Алматыда жер сілкінді
Жаңалықтар
0