2-ден 5 балға дейін: Қазақстанның төрт өңірінде түнде жер сілкінді

© Sputnik / Sputnik /Камшат АбдирайымЛюди выбежали на улицу во время землетрясения в Алматы, 23 января 2024 года
Люди выбежали на улицу во время землетрясения в Алматы, 23 января 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Жазылу
Алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісінен ғимараттар қираған жоқ
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов 23 қаңтарға қараған түні еліміздің бірнеше өңірінде болған жер сілкінісі туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің ақпаратынша, 23 қаңтар түнгі сағат 00:09-да эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді.
"Сағат 07.00 -дегі жедел жағдай бойынша 3 сейсмикалық оқиға тіркелді (сағат 00.09, 00.42 және 01.36). Олар Алматы қаласында - 5, Шымкент қаласында - 2, Жамбыл облысында - 2-3 және Жетісу облысында - 4 балл. Алдын ала мәліметтер бойынша ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы тіркелген жоқ", – деді Шәріпханов үкімет отырысында.
ТЖ министрінің төрағалығымен төтенше жағдайлар министрлігінде Республикалық жедел штаб ашылды. Қазір осы штабтар жұмыс істеп жатыр. ТЖ министрлігінің психологтарымен қауырт желі телефондары ұйымдастырылды.
Өңірлердегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілді, командалық-штабтық машиналар орналастырылды, құтқару бөлімшелерінің топтары және халықты хабардар ету жүйесі ден қоюға дайын, деп атап өтті ведомство басшысы.
Шәріпханов Алматы қаласында зардап шеккен халықты қабылдау пунктері іске қосылғанын, олар барлық өңірде бар екенін мәлімдеді. Жақын орналасқан пункттер туралы деректер 2ГИС платформасында және көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі ақпараттық QR-тақтайшаларда орналастырылған.
"Сейсмикалық болжау комиссиясы өткізген отырысқа сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Осыған байланысты өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуді және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймын", – деді Шәріпханов.
Айтуынша, қазір өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық объектілердің ықтимал бұзылуына комиссиялық тексеріс жүргізілуде.
ТЖ департаменттері азаматтардың барлық хабарламасын тіркеп, дереу шығуды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, халық арасында жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша кең үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жер сілкінісіне жатпайтын аймақтардың күштері мен құралдары да ықтимал төтенше жағдайлар аймағына көшіруге дайындыққа келтірілді, деп атап өтті ТЖ министрі.
Сирена - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Алматыда дабыл неге қағылмады – ТЖД себебін түсіндірді
Жаңалықтар
0