https://sputnik.kz/20240122/toqaev-zhalgan-batyrlarga-senbeuge-shaqyrdy-41733546.html
Тоқаев "жалған батырларға" сенбеуге шақырды
Тоқаев "жалған батырларға" сенбеуге шақырды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандықтар кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек 22.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-22T15:48+0500
2024-01-22T15:48+0500
2024-01-22T15:48+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39899035_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_772a1cd4d2c3512ef5fc5f0cc99038b3.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы жағымсыз үрдістердің негізгі себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан президент халықтың құқықтық сауатын көтеру қажеттігін ерекше атап өтті. Себебі заңды білмеуден қоғамда жағымсыз үрдістер белең алып жатыр.Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандықтар кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек."Яғни бізге заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қажет. Ел ішіне іріткі салатын, қауіп төндіретін әрекеттерді ақтауға қатаң тосқауыл қою керек. Құқықтық нигилизмге, яғни заң үстемдігін жоққа шығаруға жол берілмеуге тиіс. Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттің бірі ретінде дәріптелуі қажет. Бұл – мемлекеттік органдарға ғана емес, барша халыққа ортақ міндет", - деп атап көрсетті президент.Ал заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты болуы қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39899035_72:0:1271:899_1920x0_80_0_0_e9695c310f02de6e06934b58eea288ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев "жалған батырларға" сенбеуге шақырды
Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандықтар кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы жағымсыз үрдістердің негізгі себебін атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан президент халықтың құқықтық сауатын көтеру қажеттігін ерекше атап өтті. Себебі заңды білмеуден қоғамда жағымсыз үрдістер белең алып жатыр.
"Оның бәрі, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді, мемлекеттің абыройына нұқсан келтіреді. Қоғамдық жерлердегі вандализм – соның айқын көрінісі. Халқымыздың дүниетанымына жат идеология да елімізге зор қауіп төндіреді. Әсіресе, жас ұрпақ жасанды идеялар мен "жалған батырлардың" жетегіне ілесіп кетуі мүмкін. Әлеуметтік желіде жастарды заңсыз іс-әрекет жасауға шақыратын материалдар таралуда. Тіпті, заң бұзған адамдарды үлгі етіп көрсететіндер бар", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандықтар кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек.
"Яғни бізге заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қажет. Ел ішіне іріткі салатын, қауіп төндіретін әрекеттерді ақтауға қатаң тосқауыл қою керек. Құқықтық нигилизмге, яғни заң үстемдігін жоққа шығаруға жол берілмеуге тиіс. Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттің бірі ретінде дәріптелуі қажет. Бұл – мемлекеттік органдарға ғана емес, барша халыққа ортақ міндет", - деп атап көрсетті президент.
Ал заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты болуы қажет.