https://sputnik.kz/20240122/tina-kandelaki-qazaqstanga-kelgen-zhagdayda-elge-kirmeydi--sim-41729457.html
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – СІМ
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – СІМ
Sputnik Қазақстан
Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанға қара күйе жаққандардың арнайы тізімі жоқ 22.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-22T12:28+0500
2024-01-22T12:28+0500
2024-01-22T12:45+0500
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/532/24/5322446_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_36c1b201b8f0340bf24779e274093271.jpg
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстанға тіл тигізген ресейлік журналист Тина Канделаки елге кіре алмайды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.Смадияров ресейлік тележурналист Тина Канделакидің Қазақстан туралы айтқан мәлімдемесіне пікір білдірді.Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанға қара күйе жаққандардың арнайы тізімі жоқ."Бір, екі,үш деген ондай тізім жоқ. Ол тізім – жалпы әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Егер сізге біреу ұнамаса, үйңізге кіргізбейсіз ғой. Біз де солай істейміз. Керек кезде нақты шара қабылданады. Бүгін кіргізесіздер ме, ертең кіргізесіздер ме деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келмейді, келсе де кірмейді", – деді ол.Айта кетейік, ресейлік тележурналист Тина Канделаки өзінің Telegram арнасында Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бар жатқаны туралы жазған еді. Ол өз жазбасында "Уральск" атауының — "Орал", "Узень" атауының "Жаңаөзен" деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін айтқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/532/24/5322446_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_997016798240af7c8d6a843f9151e625.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыртқы істер министрлігі
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – СІМ
12:28 22.01.2024 (жаңартылды: 12:45 22.01.2024) Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанға қара күйе жаққандардың арнайы тізімі жоқ
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстанға тіл тигізген ресейлік журналист Тина Канделаки елге кіре алмайды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Смадияров ресейлік тележурналист Тина Канделакидің Қазақстан туралы айтқан мәлімдемесіне пікір білдірді.
"Осындай мәлімдеме жасағандардың бәріне жауап қайтара берсек, өзімізді ұмытып кетеміз. Ішкі мәселеміз жетіп артылады, соған тоқталайық. Олардың әрқайсысына мән берсек, бізге уақыт жетпейді. Ең өкініштісі, бұл көрші ел. Біздің достарымыз Қазақстан туралы жақсы білмейді. Өйткені олардың біз туралы ақпараттары дұрыс емес. Әлеуметтік желіде жанжалға түскенше, жұмысты жалғастырайық", – деді Смадияров.
Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанға қара күйе жаққандардың арнайы тізімі жоқ.
"Бір, екі,үш деген ондай тізім жоқ. Ол тізім – жалпы әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Егер сізге біреу ұнамаса, үйңізге кіргізбейсіз ғой. Біз де солай істейміз. Керек кезде нақты шара қабылданады. Бүгін кіргізесіздер ме, ертең кіргізесіздер ме деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келмейді, келсе де кірмейді", – деді ол.
Айта кетейік, ресейлік тележурналист Тина Канделаки өзінің Telegram арнасында Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бар жатқаны туралы жазған еді. Ол өз жазбасында "Уральск" атауының — "Орал", "Узень" атауының "Жаңаөзен" деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін айтқан.