Әлем

Қытайда көшкін салдарынан 40-тан астам адам жер астында қалды

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуОползень. Архивное фото - рекадр
Оползень. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2024
Жазылу
200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Юньнань провинциясында көшкіннің салдарынан 40-тан астам адам жер астында қалды, деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні таңғы сағат 5.51-де (Астана уақытымен 21.51) Юньнань провинциясының Чжаотун қаласына қарасты Чжэньсюн округінде көшкін болып, бірнеше ауылға зақым келді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 18 үйдегі 44 адам жер астында қалған", - делінген телеарна таратқан хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 200-ден астам құтқарушы жұмылдырылған, апат аймағынан 200-ден астам адам эвакуацияланды.
Жаңалықтар
0