https://sputnik.kz/20240122/qazaqstanda-robot-sot-oryndaushysy-iske-qosyldy-41724940.html
Қазақстанда робот сот орындаушысы іске қосылды
Қазақстанда робот сот орындаушысы іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады 22.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-22T09:37+0500
2024-01-22T09:37+0500
2024-01-22T09:37+0500
робот
сот
https://sputnik.kz/img/692/30/6923098_0:642:1360:1407_1920x0_80_0_0_ca7b0994f1f28eb729d9a35e01064c0b.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Әділет министрлігі республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіОсыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады. Жүйе алгоритмі мына тәртіппен жұмыс істейді:Жоба сәтті жүзеге асатын болса, оны бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/692/30/6923098_0:515:1360:1535_1920x0_80_0_0_46a18530f784e002abc7503b7e065ce0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
робот, сот
Қазақстанда робот сот орындаушысы іске қосылды
Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Әділет министрлігі республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі
Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.
Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады.
Жүйе алгоритмі мына тәртіппен жұмыс істейді:
1.
Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді.
2.
Робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттілігі туралы SMS хабарлама жібереді.
3.
Айыппұл бойынша ерікті төлем болмаған жағдайда, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады.
4.
Төлем уақтылы жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады.
Жоба сәтті жүзеге асатын болса, оны бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жоспарланып отыр.