Қазақстан солтүстік Аралды қалпына келтіру жобасының екінші кезеңіне дайындалып жатыр

© Sputnik / Медиабанкке өтуБерег Аральского моря
Берег Аральского моря - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2024
Жазылу
2024 жылдың 1 қаңтарында Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ету үш жылға Қазақстанға өтті
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Аралды қалпына келтіру жобасының екінші кезеңіне дайындық барысы туралы Қазақстанның су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз айтып берді. Бүгінгі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Болат Бекнияз Қазақстанның Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорындағы төрағалығына арналған штаб отырысында сөз сөйледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Ол жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқанын айтты.
Ведомствоның мәліметінше, алдағы уақытта су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездеседі. Айта кету керек, Солтүстік Аралды қалпына келтіру жұмыстары аталған банктің қатысуымен жүргізіліп жатыр.
"Президент 2040 жылға қарай Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтты. Сондықтан бұл қорға төрағалық ету аясында өз аймағымызда түзілетін суды жинақтау, ылғалды үнемдейтін технологияларды жедел енгізу, ирригация жүйелері мен гидротехникалық құрылыстарды қайта құру арқылы осы процесті теңестіру қажет", - деді Нұржігітов.
Хабарламада Қазақстанның Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорына төрағалық ету кезеңіне жол картасы дайындалып, қордың атқару комитетінің төрағасы тағайындалғаны айтылған. Атқару комитеті Астанада орналасады және оған әр елден екі өкіл кіреді. Ұйымдастыру жұмыстары толық ақпан айында аяқталады.
Орталық Азияның мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының кезекті отырысында Солтүстік Аралды сумен қамтамасыз етудің болжамды кестесі қаралады. 2023 жылдың қорытынысы бойынша теңізге 2 миллиард текше метрден астам су жіберілді.
2024 жылдың 1 қаңтарында Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ету үш жылға Қазақстанға өтті.
Жаңалықтар
0