Qazaq Air Өскеменнен Новосібірге рейстерді қайта қосты

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2024
Жазылу
Рейстер жоспар бойынша аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Qazaq Air 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап Өскеменнен Новосібірге рейстерді қайта қосады, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Рейстер жоспар бойынша аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Сонымен қатар Астанадан Новосібірге Өскемен арқылы қосылатын рейстер де орындалады (жергілікті уақыт бойынша):
IQ 413 Астана 12:10 – Өскемен 13:50
IQ 515 Өскемен 14:50 – Новосібір 17:15
IQ 516 Новосібір 18:15 – Өскемен 18:40.
IQ 414 Өскемен 19:30 – Астана 21:15.
"Бұл әуе қатынасы елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынасты дамытуға, сондай-ақ туризмді ілгерілетуге ықпал етеді", - деп хабарлады Qazaq Air баспасөз қызметі.
Бұған дейін компанияның Астанадан Новосібірге және кері бағыттағы рейстерді қайта іске қосатыны хабарланды.
Жаңалықтар
0