https://sputnik.kz/20240122/donetsk-khalyq-respublikasynda-ukraina-askerinin-qurbandaryn-aza-tutu-kuni-zhariyalandy-41724822.html
Донецк халық республикасында Украина әскерінің құрбандарын аза тұту күні жарияланды
Донецк халық республикасында Украина әскерінің құрбандарын аза тұту күні жарияланды
Sputnik Қазақстан
27 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 25 адам, оның ішінде екі жасөспірім әртүрлі ауырлық деңгейіндегі жарақат алды 22.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-22T09:18+0500
2024-01-22T09:18+0500
2024-01-22T09:18+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35170118_0:1:3639:2048_1920x0_80_0_0_96c86d531aa17f79cfd20f950886ce6a.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Дүйсенбі күні Донецк халық республикасында Украина әскерінің бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылынан қаза тапқандарды аза тұту күні жарияланды. Бұл туралы ДХР басшысы Денис Пушилин айтты, деп хабарлайды РИА Новости.21 қаңтар күні таңертең Украина қарулы күштері Донецкіге шабуыл жасады. Атап айтқанда, "Текстильщик" ықшам ауданындағы базар аумағына артиллериядан оқ жаудырды. Пушилиннің хабарлауынша, 27 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 25 адам, оның ішінде екі жасөспірім әртүрлі ауырлық деңгейіндегі жарақат алды. Пушилиннің айтуынша, аймақты атқылаған бір күн ішінде 28 адам қаза тауып, облыстың 30 тұрғыны жараланған.Ресей Украина әскерінің Донецкіге жасаған шабуылын қатаң түрде айыптайды және халықаралық құрылымдар мен үкіметтерді бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған бұл террористік әрекетті айыптауға шақырады, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрлігі.РИА Новостиде жазылғандай, Батыстың Ресей Федерациясын украиналықтардың күшімен "стратегиялық жеңіліске" ұшыратуға ұмтылуы Киевті террористік актілерге, халықаралық гуманитарлық құқықты жаппай бұзуға және әскери қылмыстарға итермеледі. Киевтің лаңкестік әрекеттері оның дипломатиялық әдістер арқылы бейбітшілікке қол жеткізуге және шиеленісті реттеуге саяси мүддесі жоқтығын айқын көрсетеді, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігі.Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш те Донецкіге жасалған шабуылды қатаң айыптады: бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасауға халықаралық гуманитарлық құқықпен тыйым салынған және мұндай әрекеттер дереу тоқтатылуы керек.Украина қарулы күштерінің Донецкіге шабуылы Ресейдің сұрауы бойынша өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украина бойынша отырысында қозғалатын негізгі тақырыптарының бірі болады. Оған Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысады, деп хабарлады Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35170118_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_9cee3fb6052106fa02eb0d3ea129df35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Донецк халық республикасында Украина әскерінің құрбандарын аза тұту күні жарияланды
27 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 25 адам, оның ішінде екі жасөспірім әртүрлі ауырлық деңгейіндегі жарақат алды
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Дүйсенбі күні Донецк халық республикасында Украина әскерінің бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылынан қаза тапқандарды аза тұту күні жарияланды. Бұл туралы ДХР басшысы Денис Пушилин айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
21 қаңтар күні таңертең Украина қарулы күштері Донецкіге шабуыл жасады. Атап айтқанда, "Текстильщик" ықшам ауданындағы базар аумағына артиллериядан оқ жаудырды. Пушилиннің хабарлауынша, 27 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 25 адам, оның ішінде екі жасөспірім әртүрлі ауырлық деңгейіндегі жарақат алды. Пушилиннің айтуынша, аймақты атқылаған бір күн ішінде 28 адам қаза тауып, облыстың 30 тұрғыны жараланған.
Ресей Украина әскерінің Донецкіге жасаған шабуылын қатаң түрде айыптайды және халықаралық құрылымдар мен үкіметтерді бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған бұл террористік әрекетті айыптауға шақырады, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрлігі.
РИА Новостиде жазылғандай, Батыстың Ресей Федерациясын украиналықтардың күшімен "стратегиялық жеңіліске" ұшыратуға ұмтылуы Киевті террористік актілерге, халықаралық гуманитарлық құқықты жаппай бұзуға және әскери қылмыстарға итермеледі. Киевтің лаңкестік әрекеттері оның дипломатиялық әдістер арқылы бейбітшілікке қол жеткізуге және шиеленісті реттеуге саяси мүддесі жоқтығын айқын көрсетеді, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш те Донецкіге жасалған шабуылды қатаң айыптады: бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасауға халықаралық гуманитарлық құқықпен тыйым салынған және мұндай әрекеттер дереу тоқтатылуы керек.
Украина қарулы күштерінің Донецкіге шабуылы Ресейдің сұрауы бойынша өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украина бойынша отырысында қозғалатын негізгі тақырыптарының бірі болады. Оған Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысады, деп хабарлады Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский.