Былтыр елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болды – сенатор

© Sputnik / Тимур БатыршинДомашнее насилие, иллюстративное фото
Домашнее насилие, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2024
Жазылу
Жанна Асанованың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы дайын
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы дайын және жақын арада мәжіліскежіберіледі. Бұл туралы сенатор Жанна Асанова мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сенатордың айтуынша, заң жобасын әзірлеуге сарапшылардан, әйелдер құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия өкілдерінен, балалар құқықтары жөніндегі уәкілдер, мемлекеттік органдар өкілдері мен адвокаттардан құралған үлкен жұмыс тобы қатысқан.
"Жақсы жаңалық: құжат дайын, ол жақын арада мәжіліске түседі", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Ол заң жобасына мыналар кіретінін атап өтті:
Зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл түрде зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыру (қазір олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс негізінде қарастырылады).
Оларды жария айыптаудың қылмыстық құқық бұзушылықтары санатына жатқызу.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны күшейту және тараптардың татуласуына жол бермеу.
Отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құру (Отбасын қолдау орталықтарын, Балаларға психологиялық қолдау көрсету орталықтарын ашу).
Қылмыстық кодекстегі ерекше талаптар, оның ішінде агрессормен психологиялық жұмыс.

"Бізде, қазақстандықтарда мейірімділіктің, өзара төзімділіктің, сезімталдық пен сыйластықтың бірегей мәдениеті қалыптасқан. Бұл - біздің қоғамның аса құнды ерекшелігі. Біз өте ашық және қарапайым халықпыз. Енді ең бастысы отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайын түзету қажет. Бірақ оны бірге жасау керекпіз. Мәжіліс пен сенатта заңды талқылауға қосылыңыздар, осы заңды қолдау қажет, ал қоғамның қолдауынсыз бізге, депутаттарға, қиын болады", - деп атап өтті Асанова.

Оның айтуынша, елімізде 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болған.
Бір жыл ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 99 мыңнан астам өтініш түсіп, балаларға қатысты 2 452 қылмыс жасалған.
Жаңалықтар
0