Қоғам

Биылғы егіс науқанына жеңілдетілген несие беру басталды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства осмотрел посевные площади ТОО "Дайындык-Агро" и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании
Глава государства осмотрел посевные площади ТОО Дайындык-Агро и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2024
Жазылу
Несие 2025 жылғы 1 наурызға дейін беріледі
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. 2024 жылғы егіс науқанына жеңілдікпен несие беруді қаржыландыру басталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыру үшін жұмысты бастады.
"Бюджеттік кредит шеңберінде 15 млрд теңге мөлшеріндегі бірінші транш бағдарлама операторы – "Аграрлық несие корпорация" АҚ-ға жіберілді. Жалпы алғанда, 2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген кредит беру үшін 140 млрд. теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған, бұл кем дегенде 2 млн. гектар алқапқа егуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді ведомство.
Қарыз алушы – агроөнеркәсіптік кешен субъектісіне теңгемен жылдық 5%-дан аспайтын мөлшерлемемен несие ала алады. Несие 2025 жылғы 1 наурызға дейін беріледі.
"Негізгі сома мен сыйақының 50%-ін өтеумен – 2024 жылғы 1 желтоқсан, қалған 50%-і 2025 жылғы 1 наурызға дейін жалғасады. Соның арқасында диқандар келер жылдың 1 наурызына дейін егін егу науқанын жеңіл өткеріп, барынша пайда алатын болады. Берешекті өтеудің түпкілікті кестелері шаруалардың қарыз шарттарын жасасу кезінде жеке тәртіппен қалыптастырылады", - дейді министрлік.
Жеңілдікті қарыздарды тікелей беру өңірлерде екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары және өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы жүргізіледі.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың желтоқсанында басталды. Бүгінгі таңда өңірлердегі фермерлерден 20,3 млрд теңгеге 458 өтінім түскен. Оның ішінде 9,4 млрд теңгеге 200-ден астам өтінім мақұлданды. Ал өткен жылы 3,5 млн га егіс алқаптары үшін 3 796 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге кредит берілді.
Өткен жылғы ауыл шаруашылығы маусымының қолайсыз ауа райы жағдайларынан болған фермерлердің қарыздарын ұзарту үшін жұмыстар жалғасып жатыр.
"2024 жылғы 19 қаңтарға "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер қарыздарын ұзарту туралы 51,2 млрд. теңге сомасына 1 145 өтініш түсті, оның ішінде 46,1 млрд. теңгеге 1 061 өтінім ұзартуға мақұлданды. Ал 5,1 млрд. теңге сомасына тағы 84 өтінім қаралып жатыр", - дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жаңалықтар
0